Оқытудың техникалық құралдары бөлімі
Бөлім бастығы: Баимбетов Наралы Әбдірұлы
Кабинет: №348 Бас ғимарат
Сымтетік: 21-01-89
Оқытудың техникалық құралдары бөлімі – бұл университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. ОТҚ бөлімі жұмыстары орталықтың мәжілісінде және хаттамада құрастырылған оқу ісі жөніндегі проректорымен бекітілген жылдық жоспар негізінде жүзеге асырылады.
Бөлім бастығы – дәрісханаларды сабақ кестесіне сәйкес техникалық құралдармен қамтамасыз ету, шаруашылық ұйымдастыру қызметін универститеттің әдістемелік органдарымен бірігіп орындау және де жоспарланбаған іс-шараларды техникалық құралдармен қамтамасыз етуін ұйымдастыру.
Бөлімнің инженерлерімен, технигінің негізгі мақсаттары – әрқашан оқу техникалық құралдарын даярлықта ұстау және де кафедралардағы лекциялық, іс-тәжірибелік және семинар сабақтарын қажетті құралдармен қамтамасыз ету.
ОҚМУ-дегі ОТҚ бөлімі келесі тапсырмаларды шешу үшін құрылған:
- Оқытудың техникалық құралдары әдістерін енгізу және жобаны біртекті жағдайда қамтамасыз етуді жүзеге асыру мақсатында университеттің барлық құралымдық бөлімдерінің жұмысын үйлестіру;
- техникалық құралдар нормасына және талаптарына сәйкес әдістерінің жүзеге асырылуын бақылау;
- болашақтағы жаңа бағыт саласында жаңа технологиялық құрал жабдықтарды зерттеу және шұғыл турде үйрену;
- оқытудың техникалық құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңа технологияларды ендіру және дамыту;
- оқытудың техникалық құралдарын сақтау, тарату және енгізу;
- оқу жүйесін техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
- университет бөлімшелерінің сұранысы бойынша жұмыстарын орындау;
Функциялар:
- Жаңа талаптарға сай құралдарды ендіру бойынша қажетті шараларды қабылдау;
- Оқу жүйесінде техникалық құралдарды пайдалануды қамтамасыз ету;
- Университеттің жоспарланбаған іс-шарасын оқытудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету;