6B07180
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В07181 Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В071 Инженерия және инженерлік іс |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В06- Механика және металл өңдеу |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
|
БББ мақсаты |
Мұнай-газ өнеркәсібі саласында негізгі әлеуметтік-тұлғалық және кәсіби құзыреттіліктерді меңгерген еңбек нарығында сұранысқа ие бакалаврды дайындау |
Берілетін дәреженің аталуы |
«Техника және технология бакалавры» |
Кәсіби қызмет саласы |
Мұнай-газ өнеркәсібінің барлық салалары, әскери-өнеркәсіптік кешен, сондай-ақ жобалау-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары саласы болып табылады. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту дағдыларын, академиялық жазуды, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін ескере отырып еркін қарым-қатынас жасау. ОН2 Кәсіби қызметте жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және инженерлік білімді, ғылыми және эксперименталды зерттеулерді өңдеу әдістерін, нормативтік құжаттарды және экономикалық талдау элементтерін қолдану. ОН3 Кәсіпорынның экономикасын талдау, кәсіби және қоғамдық қызметтегі құқықтық нормаларды пайдалану, кәсіпкерлік дағдыларын игере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімділікті қалыптастыру, әлеуметтік білімді қолдану арқылы нарықтың әртүрлі құрылымдары туралы түсінікке ие болу ОН4 Ақпараттық және есептеу сауаттылығы, зерттеу, кәсіпкерлік дағдылар мен стандартты емес жағдайларда жұмыс істеу дағдысын пайдалана отырып, ақпаратты жинақтау, талдау және қабылдау, мақсатқа жету жолдарын таңдау және мақсатына ие болу. ОН5 Монтаждау жұмыстарын механикаландыру, құралдарын жобалау және жабдықты пайдалануды жақсарту мақсатында оны жаңғырту бойынша ұсыныстарды ұсыну және негіздеу, технологиялық машиналарды монтаждауға дайындау әдістерін қолдану. ОН6 Механикалық тұтастықты, технологиялық жабдықтың сенімділігін және оның жұмысын қамтамасыз ету, машиналардың кинематикалық схемаларын қолдану, есептеу схемаларын құру, механикалық берілістерді жобалау, машина бөлшектеріүшін құрылымдық материалдарды таңдау, нақты қолданбалы есептерді шешу үшін механиканың негізгі заңдарымен әдістерін қолдану. ОН7 AutoCAD графикалық пакетін пайдалана отырып, машиналар мен бөлшектердің сызбаларын компьютерлік графика құралдарымен орындай отырып, машиналардың жоғары сенімділігі мен ұзақ жарамдылығын қамтамасыз ете отырып, өңдеуден кейін алынған дайындамаларды сертификаттай отырып, құрастыру бірліктерін құрастыруды жүзеге асыру ОН8 Кешенді механикаландыру мен автоматтандыруды қолдана отырып, құрастырмаларды құрастыру және дәнекерлеудің негізгі тәсілдері мен тәсілдерін пайдалану, дәнекерлеу жабдықтарын, аспаптар мен құралдарды таңдауды жүзеге асыру, көтеру-тасымалдау жұмыстарын орындауға арналған жабдықтарды таңдау. ОН9 Технологиялық жабдықтарды пайдалану және жөндеу бойынша техникалық басшылықты жүзеге асыра отырып, мұнай-газ өнеркәсібінің қазіргі заманғы жоғары өнімді машиналары мен аппараттарын таңдауды негіздеу. ОН10 Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және оларды өндіріске енгізу, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін инновациялық тәсілдерді практикалық қызметке енгізу, бұйымдардың технологиялығын және оларды дайындау процестерінің оңтайлылығын қамтамасыз ету ОН11 Негізгі технологиялық және конструктивтік параметрлерді есептей отырып, машиналар мен жабдықтардың мақсаты, жіктелуі, құрылымы және жұмыс принципі бойынша білімді қолдану ОН12 Өндірістік қызметтің қауіпсіздігі мен экологиялығын арттыру іс - шараларын әзірлей отырып, энергия және ресурс үнемдеу міндеттерін шешуді ескере отырып, мұнай-газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтарының перспективалық құрылымдарын әзірлеу ОН13 Жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, өз іс әрекеттерін түзетужәне әр түрлі әдістерді қолдану, "Міпог" қосымша бағдарламасы қосымша кәсіби құзыреттілікті кеңейту |