6B07182 Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В07182 Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары                                                                                       

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В071 Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В064- Механика және металл өңдеу

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Тамақ өнеркәсібінде технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау және қызмет көрсету саласындағы ақпараттық-аналитикалық, кәсіпкерлік және ғылыми-зерттеу қызметіне техника және технология бакалаврын бәсекеге қабілетті дайындау.

Берілетін дәреженің аталуы

«Техника және технология бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

Тамақ өнеркәсібінің ұйымдары (кәсіпорындары); монтаждық, реттеу, жөндеу ұйымдары (кәсіпорындары); жобалау-конструкторлық ұйымдар; ұйымдастыру немесе басқару ортасы; сервистік-қызмет көрсету ортасы; педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметі; сондай-ақ әртүрлі меншік түріндегі фирмалар болып табылады.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту дағдыларын, академиялық жазуды, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін ескере отырып еркін қарым-қатынас жасау.

ОН2. Кәсіби қызметте жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, кәсіпкерлік және инженерлік білімді, деректерді математикалық өңдеу әдістерін, ғылыми және эксперименталды зерттеулерді, нормативтік құжаттарды және экономикалық талдау элементтерін қолдану.

ОН3. Кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдау, кәсіби және қоғамдық қызметтегі құқықтық нормаларды пайдалану, кәсіпкерлік дағдыларын игеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру, әлеуметтік білімді қолдану арқылы, нарықтың әртүрлі құрылымдары туралы түсінікке ие болу

ОН4. Машиналардың бөлшектері мен тораптарын есептеудің стандартты әдістерін, машиналардың кинематикалық схемаларын қолдана отырып, механикалық тұтастықты, технологиялық жабдықтың сенімділігін және оның жұмысын қамтамасыз ету, есептеу схемаларын құру, механикалық берілістерді жобалау, машина бөлшектері үшін конструкциялық материалдарды таңдау, нақты қолданбалы есептерді шешу үшін механиканың негізгі заңдары мен әдістерін қолдану.

ОН5. Өндірістік қызметтің қауіпсіздігі мен экологиялығын арттыру бойынша іс-шараларды жүргізе білу, аз қалдықты, энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологиялар мен жабдықтарды әзірлеу үшін қазіргі заманғы әдістерді қолдана отырып, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық және құқықтық актілерді меңгеру.

ОН6. Технологиялық процестерді оңтайландыру әдістерін қолдана отырып және технологиялық машиналардың сенімділігін қамтамасыз ете отырып, берілген технологиялық жағдайлар үшін гидромеханикалық, механикалық, гидропневматикалық машиналар мен жетектердің құрылысы туралы білімді қолдану.

ОН7. AutoCAD жүйесінде жұмыс істеу дағдысын игере отырып, жұмыс жобасын және техникалық құжаттаманы әзірлей білу, жабдықтарды құрастыру кезінде сенімділік теориясының негізгі ережелерін қолдану, жобаланатын жобалардың стандарттарға, техникалық шарттарға, нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексере отырып, инженерлік есептерді орындау.

ОН8. Қоршаған ортаны инженерлік қорғаудың заманауи әдістері мен құралдарын қолдана отырып, гидромеханикалық, термодинамикалық, жылу, массаалмасу процестерінің негізгі заңдылықтарын пайдалану, тамақ өндірісінде қолданылатын машиналар мен аппараттардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін білу, өндірістік-технологиялық қызметтің міндеттерін шешу.

ОН9. Технологиялық жабдықтарды таңдау, көтеру-тасымалдау жұмыстарының кешенді механизациясын қолдану, технологиялық жабдықтарды орналастыруды және жұмыс орындарын техникалық жабдықтауды қамтамасыз ету арқылы, тамақ өндірісінің технологиялық желілерін жобалау үшін құрылымдық схемаларды әзірлеу.

ОН10. Аппарат жасаудың базалық бөлшектерін жасау үшін технологиялық процестерді әзірлеу, бөлшектерді дайындау маршруттарын құру, кәсіби қызметте жаратылыстану-ғылыми пәндердің негізгі заңдарын қолдану арқылы, жаңа техниканы жасау және игеру және өндірісті дамыту негізі ретінде жобалау-конструкторлық және технологиялық қызметтің міндеттерін шешу.

ОН11. Ғылым мен техниканың ғылыми-техникалық дамуының негізгі мәселелерін біле отырып, жылуэнергия- және ресурс үнемдеу бойынша іс-шараларды әзірлеу қағидаларын ұсына білу, құрылымдық шешімдерді салыстырмалы техникалық-экономикалық талдау және процестерді зерттеудің инновациялық әдістерін қолдана отырып, өндірістің технологиялық процестерін оңтайландыру.

ОН12. Сервистік-пайдалану, монтаждау-реттеу қызметінің міндеттерін шеше білу, қызмет көрсететін құрылғылар мен жабдықтардың жарамды жағдайын, авариясыз және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, берілген пайдалану қасиеттері бар конструкцияларды құрастыру және дәнекерлеудің әр түрлі тәсілдерін қолдана отырып, монтаждау, баптау және сынау кезінде техникалық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асыру және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.

ОН13. Жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, өз іс-әрекеттерін түзету және әртүрлі әдістерді қолдану, "Minor" қосымша бағдарламасы аясында қосыша кәсіби құзыреттілікті кеңейту.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.