6B07510 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В07510 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В076 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Алған білімдерін қолдана білетін, техникалық реттеу, стандарттау мен сертификаттаудың дамуының қазіргі жағдайын бағалай және талдай білетін, өндірістік сипаттағы міндеттерді тиімді шешуді тұжырымдай және қабылдай алатын, ұлттық, өңірлік және халықаралық стандарттарды білу негізінде стандарттау, сәйкестікті растау (сертификаттау), аккредиттеу, сынау және сапаны басқару саласындағы проблемаларды зерделеудің әртүрлі тәсілдерін білікті таңдай және қолдана алатын бәсекеге бакалаврларды даярлау |
Берілетін дәреженің аталуы |
Техника және технология бакалавры |
Кәсіби қызмет саласы |
өнімдер (қызметтер), процестер мен жүйелерге қойылатын талаптарды, ережелерді және талаптарды, оларды әзірлеу, қолдану және өнімнің (қызметтердің) сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, процестерді, өндірушілер мен тұтынушылар үшін стандарттар енгізуден тиімділігін белгілеу, енгізу және бақылау саласы |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Ғылыми зерттеу мен академиялық жазу әдістерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолдана отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін сөйлесу. ОН2 Кәсіби қызметте жаратылыстану, математикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық және инженерлік білімдерін, математикалық мәліметтерді өңдеу әдістерін, теориялық және эксперименттік зерттеулерді, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтерін көрсету. ОН3 Сапа менеджменті, аккредиттеу, стандарттау және сертификаттау құралдары мен технологияларын жобалау кезінде ақпараттық және есептеу сауаттылығы, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсаттар қою және жолдарды таңдау қабілетіне ие болу. ОН4 Өнімнің (қызметтердің) сапасы мен қауіпсіздігін басқару және бақылау бойынша әртүрлі әдістемелік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру, ұлттық және мемлекетаралық деңгейде стандарттау және сертификаттау бойынша жұмыстарды жоспарлау, кәсіпорындар мен ұйымдарда (барлық салаларда) қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттаманы тексеру (жаңарту). ОН5 Өнімнің/қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету, өнімнің/қызметтің жаңа немесе жетілдірілген түрін сынау, жоспарлау және сынау бағдарламалары мен әдістерін әзірлеу, техникалық реттеу және стандарттау жүйесін жетілдіру, нормативтік техникалық құжаттамаларды әзірлеу және қайта қарау.. ОН6 Өнімнің деңгейін бағалаудың квалиметриялық және статистикалық әдістерін қолдана отырып, ақаулы өнімдердің деңгейін бағалау және оның пайда болу себептерін талдау. ОН7 ТК құру бойынша ұсыныстарды, ТК-ға қосылуға өтінімдерді, стандарттау әдістерін қолдану бойынша жобалардың (бағдарламалардың) мақсаттарын, жалпы сапаны басқару принциптерін, өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растауды қалыптастыру. ОН8 Өнім сапасына сараптама жүргізу, стандарттау, сертификаттау және халықаралық менеджмент жүйесін енгізу бойынша жұмыстардың экономикалық тиімділігін есептеу және бағалау. ОН9 Өнім сапасының жай-күйі мен динамикасын талдау, оның техникалық деңгейін бағалау, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау менеджменті, еңбекті қорғау және қауіпсіздікті басқару, әлеуметтік менеджмент бойынша сапа жүйесін енгізу, стандарттау және сертификаттау әдістерін қолдана отырып, тәуекелдерді бағалау. ОН10 Статистикалық, квалиметриялық, инновациялық әдістер мен жалпы сапаны басқару қағидаттары негізінде сертификаттау сынақтарын жүргізу бойынша жоспарларды, бағдарламаларды, ұсынымдар мен әдістерді әзірлеу, өнімнің сәйкестігін, сапасын бақылау және қауіпсіздігін декларациялау. ОН11 Белгісіздік жағдайында заманауи құралдар мен әдістерді бақылау және бағалауда зерттеу және кәсіпкерлік дағдылары болу. ОН12 Өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын, салауатты өмір салтын көрсете отырып, жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасау. |