6B11124 Мәдени-тынығу қызметі және эстрадалық ән салу

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В11124  Мәдени-тынығу қызметі және эстрадалық ән салу

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В11 Қызмет көрсету

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В111 - Қызмет көрсету саласы

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В 092 Тынығу                                    

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Мәдени-тынығу мекемелері үшін мәдени-тынығу қызметі мен эстрадалық ән салу саласында жоғары білікті, шығармашыл мамандарды даярлау. 

 

Берілетін дәреженің аталуы

Қызмет көрсету саласындағы бакалавр

Кәсіби қызмет саласы

Кәсіби қызмет нысаны мәдениет және мәдени-тынығу саласы болып табылады.  

Оқыту нәтижелері

ОН1 Академиялық жазу қағидаттары мен академиялық адалдық мәдениетін түсіне отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.

ОН2 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани, әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсетуі.

ОН3 Ақпараттық және есептеу сауаттылығына, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілетіне ие болуы.

ОН4 Вокалдық ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын пайдалану, шығармашылыққа қолайлы жағдай жасай отырып, эстрада режиссурасын меңгеруі.

ОН5 Басқарушылық шешімдерді тиімді қолдану, мәдени-тынығу қызметі мен эстрадалық өнер саласында менеджмент және маркетинг технологияларын іске асыруға дайындығы.

ОН6 Қазіргі қазақ және әлемдік мәдениеттің тарихы мен түрлі эстрадалық бағыттары туралы теориялық-музыкалық білім негізінде музыкалық-бейнелі ойлауды дамытуды көрсетуі. 

ОН7 Музыкалық материалды өңдеудің әртүрлі әдістерін қолдануы, эстрадалық әуендерді аранжировкалаған кезде музыкалық-фондық элементтерді ұтымды таңдауы.

ОН8 Кәсіби вокалдық қызметте қолданылатын дұрыс классикалық ән тынысын, артикуляциялық, дикциялық, жарқын және мәнерлі сөйлеуді меңгеруі.

ОН9 Танымдық-шығармашылық, рекреациялық-ойын-сауық /шоу/, халықтың мерекелік бос уақытын тиімді ұйымдастырудың жаңа технологияларын және сценарий шеберлігі дағдыларын белсенді пайдалануы;

ОН10 Қызығушылықпен клубтарды, ұжымдарды, әуесқой бірлестіктерді, секцияларды, студияларды, үйірмелерді және концерттік-ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыра алуы.

ОН11 Кәсіпкерлік және кәсіби дағдылардықолдануы, сондай-ақ эстрада әншісінің жеке басының ішкі және сыртқы имиджінің жоғары деңгейін көрсетуі, жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеуі.

ОН12 Музыкалық аспаптарда ойнауды (мәнерлілік және орындау техникасымен) меңгеру, аспаптың мүмкіндіктерін сауатты пайдалана отырып, стейхолдерлердің сұранысы бойынша тақырыптық, идеялық, эмоционалдылық қағидаттарымен музыкалық шығармалардың репертуарын үйлесімді таңдауы.

 

 

 

 

 

 

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.