6B01560 География
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В01560 География |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В01 Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6B015Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
6В014 География мұғалімдерін даярлау |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
География бағыты бойынша білім алушының жеке басының білімін, іскерлігін, дағдыларын және интеллектуалдық, адамгершілік, шығармашылық және физикалық дамуын қалыптастыратын жоғары білікті педагогикалық кадрларды дайындау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
«Білім бакалавры» |
Кәсіби қызмет саласы |
Білім беру қызметі |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 - Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін ескере отырып, ғылыми зерттеу, академиялық жазу әдістерін қолдана отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін қарым-қатынас жасау. ОН2 - Дүниетанымды, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде жаратылыстану, қоғамдық, әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету. ОН3 - Ақпараттық және есептеу сауаттылығын, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілеттерін меңгеру. ОН4 - Тәрбие жұмысының әдістемесінің негіздері, заманауи тәрбие тұжырымдамалары негізінде білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру арқылы олардың мінез-құлқын басқару; білім алушыларда салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу. ОН5 - Оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың тиісті әдістері мен оқу жетістіктерін бағалау құралдарын қолдану негізінде сабақтар өткізу. ОН6 - Әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты және ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың, олардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің заңдылықтарын ескере отырып оқу процесін ұйымдастыру. ОН7 - Картометриялық, геологиялық, климаттық, гидрологиялық және экономикалық-географиялық мәселелерді шешуде гидрологиялық, метеорологиялық, геодезиялық құралдарды қолдану негізінде физикалық және әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін, заңдар мен заңдылықтарын түсіндіру. ОН8 – Әлемдік контексте географиялық білім беру негіздерін және географиялық материалдардың мазмұнын меңгеру және оларды педагогикалық білім беру қолдану. ОН9 - Физикалық және әлеуметтік-экономикалық, саяси география, туризм, өлкетану және геоэкология негіздерін талдау, географиялық ақпараттық жүйелермен және картографиялық материалдармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. ОН10 - Географиялық ақпараттарды алу және карталарды құрастыру үшін географиялық зерттеу әдістері мен тәсілдерін қолдану. ОН11 - Жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өмір бойы өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін жеке білім беру траекториясын құру, салауатты өмір салтына назар аудару. ОН12 - Белгісіздік жағдайында зерттеушілік және кәсіпкерлік дағдыларын қолдану. |