6B02120 Режиссура

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В02120 Режиссура

Білім беру  саласының коды мен жіктелуі

6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В021 Өнер

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В027 Театр өнері

Оқыту тілі

Орыс, қазақ

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

6В02120 - «Режиссура» білім беру бағдарламасының мақсаты режиссер және актердің кәсіби жұмысында қажетті іргелі білімді, дағдыларды және құзыреттіліктерді қалыптастыруда заманауи технологияларды пайдалана отырып, жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.

Берілетін дәреженің аталуы

Өнер бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

- мәдениет мекемесі;

- театр;

- киноөндіріс саласы;

Оқыту нәтижелері

ОН1. Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін түсіне отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін сөйлесу.
ОН2. Қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық білімді кәсіби қызметте, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерінде көрсету, нормативтік құжаттарда және экономикалық талдау элементтерін еркін түсіну.

ОН3. Ақпаратты және есептеу сауаттылығын, ақпарат жинақтауды, талдауды және қабылдауды, мақсаттарды қоюды және оған жету жолдарын таңдауға, өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге, шығармашылық әлеуетті пайдалану қабілеттілігі.

ОН4. Философиялық білім негіздерін пайдалану, тарихи дамудың негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдау, олардың қызметінің әлеуметтік мәнін, сонымен қатар шығармашылық процестің заңдылықтарын түсіну.

ОН5. Кәсіби қызметте режиссерлік өнердің әлемдік және отандық тарихын, оның даму бағыттары мен тенденцияларын терең игергенін көрсету.

ОН6. Студенттердің жасы мен жеке ерекшіліктерін, шығармашылық ұжымдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларын және нақты жағдаяттарды ескере отырып, режиссура саласындағы идеяларын жүзеге асыру.

ОН7. Өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік білім алу, режиссерлік дағдыларды меңгеру, түрлі жанрлардағы шығармаларды сахналастыру  қабілеттілігі.

ОН8. Режиссура мен актерлік ойынды, сахналық және репетициялық жұмыста синтездеу.ОН9. Режиссерлік қойылымдарды композитор, балетмейстер, суретші және орындаушы топпен жобалау.

ОН10. Жетілдірілген пластика мен сөйлеуді қоса алғанда, актерлік мамандықтың негізгі әдістерін, репетиция процесінде актерлік шеберлікті қолдана білу.

ОН11.Көзқарасын дұрыс жеткізе білу, өз әрекеттерін түзету және әр түрлі әдістерді қолдану, жеке және ұжым мүшесі ретінде тиімді жұмыс істей білу.

ОН12. Оператордың жұмысы мен монтаж әдістерін қолдана отырып, тұтас құрылымдық қойылым сахналау.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.