6B01560 География

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В01560 География

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В01 Педагогикалық ғылымдар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6B015Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

6В014 География мұғалімдерін даярлау

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

География бағыты  бойынша  білім алушының жеке басының білімін, іскерлігін, дағдыларын және интеллектуалдық, адамгершілік, шығармашылық және физикалық дамуын қалыптастыратын жоғары білікті педагогикалық кадрларды дайындау.

Берілетін дәреженің аталуы

«Білім бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

Білім беру қызметі

Оқыту нәтижелері

ОН1 - Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін ескере отырып, ғылыми зерттеу, академиялық жазу әдістерін қолдана отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін қарым-қатынас жасау.

ОН2 - Дүниетанымды, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде жаратылыстану, қоғамдық, әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету.

ОН3 - Ақпараттық және есептеу сауаттылығын, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілеттерін меңгеру.

ОН4 - Тәрбие жұмысының әдістемесінің негіздері, заманауи тәрбие тұжырымдамалары негізінде білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру арқылы олардың мінез-құлқын басқару; білім алушыларда салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

ОН5 - Оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың тиісті әдістері мен оқу жетістіктерін бағалау құралдарын қолдану негізінде сабақтар өткізу.

ОН6 - Әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты және ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың, олардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің заңдылықтарын ескере отырып оқу процесін ұйымдастыру.

ОН7 - Картометриялық, геологиялық, климаттық, гидрологиялық және экономикалық-географиялық мәселелерді шешуде гидрологиялық, метеорологиялық, геодезиялық құралдарды қолдану негізінде физикалық және әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін, заңдар мен заңдылықтарын түсіндіру.

ОН8 – Әлемдік контексте географиялық білім беру негіздерін және географиялық материалдардың мазмұнын меңгеру және оларды педагогикалық білім беру қолдану.

ОН9 - Физикалық және әлеуметтік-экономикалық, саяси география, туризм, өлкетану және геоэкология негіздерін талдау, географиялық ақпараттық жүйелермен және картографиялық материалдармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.

ОН10 - Географиялық ақпараттарды алу және карталарды  құрастыру үшін географиялық зерттеу әдістері мен тәсілдерін қолдану.

ОН11 - Жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өмір бойы өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін жеке білім беру траекториясын құру, салауатты өмір салтына назар аудару.

ОН12 - Белгісіздік жағдайында зерттеушілік және кәсіпкерлік дағдыларын қолдану.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.