7M07180 Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
7М07180 Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша) |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7M071 Инженерия және инженерлік іс |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
М103 Механика және металл өңдеу |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
120 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Технологиялық машиналар мен жабдықтар саласында ғылыми-зерттеу және оқу қызметін жүргізу дағдылары бар құзыретті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
техника ғылымдарының магистрі |
Кәсіби қызмет саласы |
• педагогикалық қызмет, Эксперименталды-зерттеу, жобалау ұйымдарында және өндірісте өндірістік қызмет; мамандандыруға сәйкес қызметкерлердің біліктілігін арттыру саласында білім беру және өндірісте Эксперименталды-зерттеу қызметі; • техникалық ғылымдар магистрінің алған біліктілігіне сәйкес ағартушылық, басқарушылық және жоспарлы қызмет; • осы бейіндегі магистр технологиялық жабдықты жобалау, пайдалану және жөндеуге байланысты кешенді міндеттерді шешуге бағытталған адам қызметінің құралдары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығын қамтитын материалдық өндіріс саласындағы қызмет үшін дайындалады. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1. Әр түрлі өнеркәсіптік мақсаттағы технологиялық машиналарды дамытудың негізгі ғылыми-техникалық проблемаларын түсінгі болу және ғылыми-техникалық ақпаратты іздеу мен пайдаланудың ұтымды тәсілдеріне дағдылану. ОН2. Технологиялық процестердің талаптарына сәйкес машиналар мен жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша регламенттік жұмыстардың негізгі түрлерін орындауды ұйымдастыра және бақылай отырып, қазіргі заманғы әдістерді пайдалана отырып, механикалық жабдықтарды тиімді пайдалану міндеттерін шешу. ОН3. Өндірістік-технологиялық, сервистік-пайдалану және монтаждық реттеу бөлімшелерінің құрылымдарын әзірлеуге қатысу және кәсіби функцияларды жүзеге асыруға байланысты мақсаттар қоя және міндеттерді тұжырымдай отырып, кәсіби салада жаңа білім мен технологияларды алуға дайын болу. ОН4. Шығарылатын өнімнің сапасына, стандарттауына және сертификаттауына және өндіріс қауіпсіздігіне қойылатын нормативтік талаптардың сақталуын пәрменді бақылауды жүзеге асыру. ОН5. Жаңа технологиялық жабдықтарды жобалауға бастапқы деректерді құрай отырып, оларды пайдалану тәуекелдерін анықтай және бағалай отырып, инновациялық технологиялардың техникалық-экономикалық негіздемесін орындау. ОН6. Заңнамалық актілер жүйесі, өнеркәсіптік кәсіпорындарда салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету тәсілдері мен құралдары туралы түсінікте бола отырып қолданыстағы жабдықтың жұмысын жаңғырту, жаңа жабдықты таңдау және жобалау бойынша оңтайлы шешімдер қабылдау. ОН7. Мамандық бойынша практикалық қызметте, басқарушылық және техникалық шешімдерді қабылдай отырып, аралас сала мамандарымен жұмыста коммуникабельділік және психологиялық дайындық көрсете отырып, жеке және командада жұмыс істеу. ОН8. Өзекті өндірістік-технологиялық, ғылыми-зерттеу, жобалық және экологиялық-экономикалық міндеттерді шешуде көшбасшылық мен бастамашылықтарды қасиеттерін көрсету. ОН9. Халықаралық ортада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін деңгейде кәсіби салада шет тілін өз бетінше меңгере отырып кәсіби қызметтің барлық кезеңінде жеке біліктілігін арттыру. ОН10. Жаңа ақпараттық және білім беру технологиялары арқылы тереңдетілген кәсіптік білімді көрсете отырып, ғылыми және педагогикалық жұмысты жоспарлай және орындай отырып, ЖОО психологиясы мен педагогикасы білімін практикалық қызметте қолдану. |