7M07510 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
7М07510 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7M075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
M130 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) |
Оқыту тілі |
қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
120 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Ел экономикасының басым секторларында стандарттау, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны басқару саласында ғылыми және педагогикалық білімі бар магистрлерді даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
«Техника ғылымдарының магистрі» |
Кәсіби қызмет саласы |
- өнімнің, процестер мен қызметтердің сапасын жақсарту үшін стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу жүйелерінің ғылыми аспектілері;- стандарттау мен сертификаттаудың жалпы ғылыми және арнайы әдістерін қолдану негізінде инновациялық технологиялар мен жаңа техниканы стандарттау;- Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарын ескере отырып, нормативтік құқықтық базаны үйлестіру мәселелерін шешу арқылы ақпаратты талдау және жүйелеу, ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйесін жетілдіру;- сапа менеджменті және білім беру қызметі саласындағы еуропалық және халықаралық тәжірибе. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Ғылым тарихы мен философиясы саласындағы тұтас жүйелік дүниетаным негізінде кешенді және пәнаралық зерттеулерді жоспарлау және жүзеге асыру, шет тілі білімін қолдану арқылы ақпараттық ресурстарды тарта отырып, ғылыми-техникалық ақпаратты талдау және жалпылау.ОН2 Ұйымдағы персоналды басқару жүйесінің дамуын әлеуметтік-психологиялық технологиялар мен тәуекелге бағдарланған тәсіл принциптерін қолдана отырып бағалау.ОН3 Стандарттау және сертификаттау саласында оқытудың инновациялық әдістерін қолдану, жоғары мектеп мұғалімінің еңбегін ғылыми ұйымдастыруды сыни тұрғыдан бағалау.ОН4 Кәсіби қызметте стандартты емес жағдайларда басқару және техникалық шешімдер қабылдау кезінде команданы басқару, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін көрсету.ОН5 Инновациялық өнімдер/қызметтер, процестер, менеджмент жүйелері сапасының жай-күйі мен динамикасын талдау, стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу жүйелерінің ғылыми ережелерін қолдану.
ОН6 Ақпараттық ресурстарды тарта отырып, ел экономикасының түрлі салаларын стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу жүйелерін жетілдіру бойынша талдамалық жұмыс жүргізу. ОН7 Эксперименттік зерттеулерді өз бетінше жүргізу, мамандармен және басқа да мүдделі тараптармен талқылау кезінде олардың нәтижелерін негіздеу. |