6B02171 Орта дизайны

                                          БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В02171 – Орта дизайны

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6B02 - Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6B021 -  Өнер

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В031-Сән, дизайн

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

300 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Кәсіби интерьер дизайнерінің шығармашылық қызметінде оның біліміне, дағдыларына, еңбек нарығындағы иеліктеріне және одан әрі өзін-өзі дамыту қабілетіне өзекті сұранысты ұштастыра отырып,  заманауи технологияларды меңгерген, практикалық дағдылар мен көшбасшылық қасиеттерге ие, қалалық орта мен интерьерді жобалау саласындағы бакалаврды даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

Өнер бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

Мәдениет, өнер және сәулет, білім беру, жарнама агенттіктері, құрылыс, сәулет компаниялары, жеке фирмалар және т.б.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін ескере отырып, академиялық жазу дәстүрін түсіне отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда тиімді қарым-қатынас жасау.

ОН2 Идеялық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми-эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени кәсіби дамуын көрсету.

ОН3 Ақпараттық және есептеу сауаттылығы, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілеттерін меңгеру.

ОН4 Кәсіби графикалық пакеттерді пайдалана отырып, дизайн объектілерін модельдеу және құрастыру.

ОН5 Жобалау процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып, сәулет нысандарын жобалау.

ОН6 Стиль тенденциялары мен негізгі кезеңдерін, тарихи және этномәдени үдерістердің даму ерекшеліктерін ескере отырып, интерьер және экстерьер дизайнын жобалау.

ОН7 Заманауи материалдарды пайдалана отырып, пішіндеу әдістерін және жобалау әдістерін меңгере отырып, жобалау объектілерін құру.

ОН8 Материалдың әртүрлі қасиеттері мен түсін ескере отырып, көркемдік-композициялық мәнерлілік құралдарын иеленетін заттардың көлемді-кеңістіктік формаларын бейнелеу.

ОН9 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби графикалық пакеттерді, шығармашылық материалдарды және цифрлық технологияларды еркін меңгеру.

ОН10 Зерттеу, кәсіпкерлік дағдылары және белгісіздік жағдайында жұмыс істеу дағдыларын пайдалану.

ОН11 Топта жұмыс істей білу, өзін-өзі тәрбиелеу және салауатты өмір салтын сақтау дағдыларын көрсету.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.