6B07216 Газ-мұнай құбырларын және газ-мұнай қоймаларын пайдалану
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В07216 Газ-мұнайқұбырларын және газ-мұнайқоймаларын пайдалану |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6B072 Өндірістік және өңдеу салалары |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
B071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Мұнай-газ саласында практикалық дағдыларды меңгерген, сондай-ақ мұнай газын тасымалдау және сақтау кезінде өндірістік сипаттағы міндеттерді тұжырымдауға және тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті сұранысқа ие мамандарды даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
«Техника және технология бакалавры» |
Кәсіби қызмет саласы |
Кәсіби қызмет саласы мұнай мен газды тасымалдау және сақтау, құрлықта және теңізде мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын пайдалану бойынша техникалық сала болып табылады. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Академиялық жазу және академиялық адалдық мәдениеті қағидаттарын ескере отырып, тұлға аралық және мәдениет аралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау. ОН2 Кәсіби қызметте жалпы білім беру, жаратылыстану, математикалық, әлеуметтік-экономикалық және инженерлік білімді көрсету, деректерді математикалық өңдеу әдістерін, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтері туралы білімді меңгеру. ОН3 Ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдаудың эксперименттік деректерін өңдеу және технологиялардың ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық сауаттылығын меңгеру. ОН4 Мұнай мен газды тасымалдау, дайындау және сақтау кезінде технологиялық объектілердің берілген жұмыс режимін қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қабілетті. ОН5 Мұнайды жылыту технологиясын сақтауды, технологиялық пештерді қауіпсіз пайдалануды, мұнай жылыту объектілері жұмысының тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету ОН6 Технологиялық объектілерде жөндеу (диагностикалық) жұмыстарын жүргізу кезеңінде және экологиялық, өнеркәсіптік және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын, еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды ескере отырып, мұнай, газ тасымалдау схемаларын әзірлеу. ОН7 Магистральдық мұнай-газ құбырлары мен олардың объектілерінің сенімділігін, коррозиялық қорғалуын, тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру ОН8 ГТС, ГАА, мұнай мен газды айдау станциялары, газ айдау агрегаттарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу, диагностикалық тексеру бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету ОН9 Магистральдық мұнай-газ құбырларының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, мұнай және газ тасымалдау объектілерінде апаттарды оқшаулауды және жоюды ұйымдастыру ОН10 Көмірсутек шикізатын өндірудің, тасымалдаудың және өңдеудің технологиялық процестерін меңгеру ОН11 Мұнай мен газдыөндіру, тасымалдаужәнесақтауобъектілеріндежаңа техника мен технологияны енгізу бойынша зерттеу және кәсіпкерлік дағдыларды іске асыру ОН12 Жеке жұмысты орындау және топ мүшесі ретінде өз көзқарасын қорғай отырып, әрекеттерін реттеп, әртүрлі әдістерді қолдана отырып жұмысты орындау |