6B01310 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В01310 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В01 Педагогикалық ғылымдар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В003 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

жоғары кәсібилігі, іске креативті көзқарасы, еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес инновациялық идеяларды іске асыруға дайындығы бар бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау

Берілетін дәреженің аталуы

«Білім бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

-оқыту

- тәрбиелеу

- әдістемелік

- зерттеу

-әлеуметтік-коммуникативтік

Оқыту нәтижелері

ОН1 Кәсіби ортада және әлеуметте, әріптестестер арасында  қазақ, орыс, ағылшын  тілдерінде еркін  коммуникация жасайды. Академиялық адалдық пен академиялық жазу нормаларын сақтайды.

ОН2 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету.

ОН3 Ақпараттық және есептеу сауаттылығы болуы тиіс, ақпараттарды жалпылау, талдау және қабылдай алу, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай білу.

ОН4 Кәсіби қызметінде жаратылыстану-ғылыми, математикалық, тілдік, қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық білімдерді қолданады.

ОН5 Білім беру ұйымдарында бастауыш сынып сабақтардағы жеке пәндерді (математика, жаратылыстану, қазақ тілі, шет тілі)  тұжырымдамалық негіздерін, сондай-ақ  сабақты әзірлеу және жоспарлау кезінде бағалау әдістерін меңгереді.

ОН6 Оқытудың және тәрбиелеудің өзекті мәселелерін ескере отырып, жеке пәндерді оқытудың теориялық-қолданбалы негіздері мен әдістемелері туралы білімдерін көрсетеді

ОН7 Топ мүшесі ретінде және жеке нәтижелі жұмыс істеу, өзінің көзқарасын әдепті қорғау, өз  әрекеттерін  түзету және түрлі әдістерді  пайдалану.

ОН8 Педагогикалық үдерісті жүзеге асыру, оқу-тәрбие үдерісінің жаңа модельдері мен стратегияларын жобалау және ғылыми-әдістемелік өнімді әзірлеу.

ОН9 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар мен оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп, саралап оқытудың теориялық негіздері мен әдістемелері туралы білімдерін дамыту

ОН10 Білім беру ұйымына қатысушылардың құзыреттерін арттыру бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді.

ОН11 Оқушылардың мінез-құлқын басқару, олардың оқу-танымдық іс-әрекетін тәрбие және  білім берудің заманауи тұжырымдамалары негізінде ынталандыру, білім алушылар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.