6B01110 Педагогика және психология
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В01110 Педагогика және психология |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В01 Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В011 Педагогика және психология |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В001 Педагогика және психология |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
психологиялық-педагогикалық ғылымдар мен психотехнология саласында кәсіби құзіреттіліктерге ие еңбек нарығында бәсекеге қабілетті педагог-психологтарды даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
білім бакалавры |
Кәсіби қызмет саласы |
білім беру саласы және әлеуметтік сала |
Оқыту нәтижелері |
ОН1. Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсетеді. ОН2 Академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын сақтайды және қоғамда, кәсіби ортада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас көрсетеді. ОН3 Клиенттердің мәселелерін шешуде ақпараттық дерекқорлармен және өзге де ақпараттық жүйелермен жұмыс істеудің заманауи технологияларын пайдалана отырып, ақпараттық және есептеу сауаттылығын көрсетеді. ОН4 Білім алушылардың жас, тұлғалық, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері ескеріп, рұқсат етілген психологиялық, педагогикалық диагностикалық әдістер мен әдістемеліктерді таңдайды, нәтижесін талдап қызмет көрсете алады. ОН5 Педагогика мен психологияның заманауи тәсілдерін, технологияларын қолдана отырып, білім беру үдерістеріне қатысушылардың жеке дамуын қамтамасыз етеді ОН6 Өз қызметінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді және кәсіби-этикалық нормаларды басшылыққа алады жәнеөз құзыреті шеңберінде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. ОН7 Балалардың оқуы, тәрбиесі, дамуы, санасы, мінез-құлқына теріс әсер ететін проблемаларды, жағдайларды, салдарларды айқындайды; психологиялық-педагогикалық ғылым салаларының тоғысында тұлғаның бағдарын қайта құруға көмектеседі. ОН8 Білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, психологиялық-педагогикалық технологияларды және әртүрлі бағалау құралдарын таңдайды және пайдаланады ОН9 Педагогика, арнайы психология негіздері мен қағидаттарында білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді ОН10 Педагогикалық процеске қатысушылардың психологиялық, педагогикалық ағарту және профилактикалық жұмыстарын ұйымдастырады ОН11Білім беру ұйымына қатысушылардың құзыреттерін арттыру бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді. ОН12 Командада жұмыс істеу, өзіндік білім алу және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын көрсетеді |