6B01112 Психология және медиация
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В01112 Психология және медиация |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В01 Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В011 Педагогика және психология |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В001 Педагогика және психология |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
психологиялық-педагогикалық ғылымдар мен психотехнология саласында кәсіби құзіреттіліктерге ие еңбек нарығында бәсекеге қабілетті психолог- медиаторларды даярлау |
Берілетін дәреженің аталуы |
білім бакалавры |
Кәсіби қызмет саласы |
білім беру және әлеуметтік саласы, құқық қорғау органдары және т.б. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету. ОН2 Академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын сақтайды және қоғамда, кәсіби ортада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас көрсетеді. ОН3 Клиенттердің мәселелерін шешуде ақпараттық дерекқорлармен және өзге де ақпараттық жүйелермен жұмыс істеудің заманауи технологияларын пайдалана отырып, ақпараттық және есептеу сауаттылығын көрсетеді. ОН4 Психология, құқық білімдер негізінде білім беру, әлеуметтік салаларда медиаторлық қызмет көрсетудің заманауи тәсілдерін, технологияларын қолданады. ОН5 Инклюзивті орта құру, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу процесіне тарту стратегияларын меңгеру негізінде тәрбиеленушінің дамуына қолайлы инклюзивті жағдай мен мотивациясын қамтамасыз етеді. ОН6 Білім алушылардың оқу-танымдық қызметін жүзеге асырудағы білім беру қиындықтарын, оның био-психо-әлеуметтік себептерін анықтайды және психологиялық көмек көрсетеді ОН7 Білім беру үрдісінің қатысушыларына қажетті психологиялық-педагогикалық-құқықтық кеңес беру практикасын жүзеге асыруда тиімді психологиялық қызмет көрсетуді қамтамассыз етеді, әдебі мен қағидатын сақтайды. ОН8 Әр түрлі деструктивті мінез-құлық тәуекелдерін, табысты оқытуға, кәмелетке толмағандар мен білім беру процесіне қатысушыларды тәрбиелеуге теріс әсер ететін факторларды төмендету бойынша ағартушылық және профилактикалық жұмысты қамтамасыз етеді. ОН9 Білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін психологиялық-педагогикалық өзараәрекеттестікті жоспарлайды және қамтамасыз етеді ОН10 Білім беру қызметінде даму-түзету бағдарламаларын жоспарлау және әзірлеу бойынша оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады. ОН11 Тұлға психологиясының негізі мен қағидатында әртүрлі жастағы адамдардың дамуына, білім алуына, әлеуметтенуіне жауапты барлық органдардың өкілдерімен ынтымақтастықты жүзеге асырады ОН12 Командада жұмыс істеу, өзіндік білім алу және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын көрсетеді |