6B01210 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В01210 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В01 Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В012 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс жасауға арналған кәсіби дағдылардың бәсекеге қабілетті деңгейіне ие жоғары білікті педагогтарды даярлау |
Берілетін дәреженің аталуы |
білім бакалавры |
Кәсіби қызмет саласы |
6В01210 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім бағдарламасы бойынша бакалавры, білім беру саласында өзінің кәсібилік қызметін жүзеге асырады. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Кәсіби ортада және әлеуметте, әріптестестер арасында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін коммуникация жасайды. Академиялық адалдық пен академиялық жазу нормаларын сақтайды; ОН2 Тілдік, математикалық және сандық сауаттылыққа ие, кәсіби қызметте АКТ-ны біледі және қолданады; ОН3 Балалардың мектепке дейінгі ұйымда болуын ұйымдастырады, балалармен ойындар мен ұйымдастырылған іс-әрекеттерді жобалайды және өткізеді, олардың қауіпсіздігі мен денсаулық жағдайын бақылайды; ОН4 Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуының типтік және типтік емес заңдылықтарын біледі, түсінеді және оларды кәсіби қызметте ескереді; педагогикалық этиканы сақтайды; ОН5 Жаратылыстану негіздерін біледі, экологиялық мәдениетке ие және балалардың табиғаттану білімі мен құндылығын қалыптастыра алады; ОН6 Жалпы және дене шынықтыру, СӨС негіздерін мектепке дейінгі білім беру ұйымының практикасына қолданады; МЖМБС талаптарын басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі балалардың эстетикалық және физикалық қасиеттерін дамытады; ОН7 ББМДҰ-дағы оқу-тәрбие процесін тиімді бағалайды, жоспарлайды, педагогикалық зерттеу құралдарын иеленеді; ОН8 Педагогикалық шындықты талдайды және синтездейді, сыни ойлау мен рефлексияны меңгерген, командада жұмыс істей алады, көшбасшылық қасиеттері бар; ОН9 Педагогикалық үдерісті жүзеге асыру, оқу-тәрбие үдерісінің жаңа модельдері мен стратегияларын жобалау және ғылыми-әдістемелік өнімді әзірлей алады; ОН10 Мектепке дейінгі мекемелерде пәнаралық байланыстарды және инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқу-тәрбие процесін, оның ішінде ата-аналармен/заңды өкілдерімен жұмысты ұйымдастыра алады; ОН11 Ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға (оралман балалар, Қазақстанның резиденті емес, аз ұлт балалары, дарынды балалар, денсаулығы шектеулі балалар) педагогикалық қолдау көрсетеді; ОН12 Жалпы адами және ұлттық құндылықтарының біріккен жүйесіне баулиды. |