7M01110 Педагогика және психология
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
7M01110 Педагогика және психология |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7М01 Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7M011 Педагогика және психология |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
М001 Педагогика және психология |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
120 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Жоғары білім беру мекемелерінде, білім беру мекемелерінде, білім беру ұйымдарында, ғылыми-білім беру ұйымдарында ғылыми, білім беру, кәсіптік және тәжірибелік қызметті жүзеге асыру үшін іргелі біліммен, инновациялық тәсілдермен, жаңа ғылыми білім беру шеберлерін дайындау. |
Берілетін дәреженің атауы |
Педагогика ғылымының магистрі |
Кәсіби қызмет саласы |
инновациялық педагогикалық қызмет, профилактика, диагностикалау және кеңес беру, педагогикалық білім беру, психологиялық және психотерапиялық көмек, білім беру және әлеуметтік педагогикалық қызмет саласы. |
Оқыту нәтижелері |
OН1 Негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді сонымен бірге ғылымның қазіргі даму кезеңінде туындайтын пәнаралық сипаттағы проблемаларды талдау, ғылым философиясының ережелері мен категорияларына сүйене отырып, әртүрлі фактілер мен құбылыстарды бағалау. ОН2 Тұлғааралық қарым-қатынаста, кәсіби іс-әрекетте, ғылыми мақалалар жазуда шет тілін білетіндігін көрету. ОН3 Ұжымдағы персоналдың дамуын және оны тиімді пайдалануды бағалау, бұқаралық мінез-құлықты басқарудың өзіндік әлеуметтік-психологиялық технологияларын меңгеру. ОН4 Білім беру саласындағы психологиялық-педагогикалық зерттеулердің дамуын қамтамасыз ететін жаңа үлгілердің, жүйелердің нәтижелерін бағалау. ОН5 Оқу процесінің тиімді нәтижесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін заманауи оқу және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби мәселелерді сауатты шешу. OН6 Дәлелді нәтижелерді алу үшін психологиялық-педагогикалық зерттеулерде ғылыми зерттеу әдістемелерін, әдіснамалық принциптер жүйесін және әдістемелік тәсілдерді қолдану. ОН7 Пәнаралық байланысты білім салаларындағы мәселелерді талдау. ОН8 Зерттеу нәтижелерін мамандармен және кең аудиториямен талқылай отырып, эксперименттік зерттеулерді өз бетінше жүргізу ОН9 Заманауи модельдеу әдістері мен компьютерлік технологиялар негізінде зерттеу нәтижелерін түсіндіру және пайдалану. ОН10 Білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін шешу және оқу процесінде мәдени, тарихи және белсенділік тәсілдерін қолдану ОН11 Кәсіби қызметте стандартты емес жағдайларда жедел басқарушылық және техникалық шешімдерді қабылдау кезінде шығармашылық көзқарас пен логикалық ойлауды көрсету. |