7M01113 Білім берудегі менеджмент
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
7М01113 Білім берудегі менеджмент |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7М01 Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7M011 Педагогика және психология |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
М001 Педагогика және психология |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
120 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
ББ мақсаты
|
Жоғары оқу орындарында, білім беру ісін басқару ұйымдарында және басқа да білім беру ұйымдарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми-педагогикалық, басқарушылық қызметті жүзеге асыру үшін іргелі білімдерді, инновациялық білім беру технологияларын, зерттеу дағдыларын игерген жаңа тұрпаттағы бәсекеге қабілетті магистр мамандарды кәсіби даярлау. |
Берілетін дәреженің атауы |
педагогикалық ғылымдар магистрі |
Кәсіби қызмет саласы |
- білім беру (білім беру және тәрбиелеу процестерін психологиялық және педагогикалық зерттеу және қолдау);
- білім беру саласындағы менеджмент; - инновациялық педагогикалық қызмет, сауықтыру, білім беру ұйымдарындағы диагностика және консультация; -педагогикалық ағарту, психологиялық және психотерапевтикалық көмек, әлеуметтік-педагогикалық қызмет; - ғылыми-зерттеу қызметі. |
Оқыту нәтижелері |
OН1 әлеуметтік-гуманитарлық, психологиялық-педагогикалық ғылымдардың өзекті мәселелерін, жоғары оқу орнындағы ғылыми таным мен педагогиканың қазіргі даму тенденцияларын талдайды және қорытындылайды; OН2 Көпмәдениетті және көптілді ортадағы ғылыми, психологиялық-педагогикалық басқару, әлеуметтік өзара әрекеттесу мәселелерін шешу үшін шет тілін пайдаланады, мәдениетаралық өзара әрекеттесу процесінде мәдениеттердің алуан түрлілігін талдайды және есепке алады; OН3 қазіргі әлемдік және отандық психология және педагогика ғылымдары дамуының өзекті мәселелерін, перспективаларын, беталыстарын, білім беруді басқарудың халықаралық тәжірибесін талдайды және айқындайды; OН4 ғылыми-зерттеу әдістемесі мен әдістерін, математикалық статистиканы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, зерттеу қызметінің нәтижелерін талдау технологиясын пайдалана отырып, ғылыми-практикалық тапсырмаларды орындайды; ОН5 психологиялық-педагогикалық теория мен қазіргі заманауи тәжірибеде менеджменттің даму беталыстары мен негізгі жетістіктерін, генезисін талдап-қорытады; білім беру жүйелерін басқарудың өзекті міндеттерін шешуде мәдени-тарихи және іс-әрекеттік тәсілдерді білетіндігін қолдана алады; OН6 кәсіби әдеп нормаларын ескере отырып, басқарушылық қызметтің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктерін талдайды; ұйымның дамуындағы жағдай мен өзгерістерді жорамалдайды және болжайды; ОН7 диагностиканың, дамытудың, түзетудің, терапияның, кеңес берудің заманауи әдістерін қолданып, тұлғаның психологиялық зерттеуін жүргізеді; ОН8 девиантты, делинквентті, деструктивті, суицидтік мінез-құлықтағы тұлғалармен жұмыс істеу және оларды әлеуметтік оңалту әдістерін меңгеріп, адамдардың психологиялық өзіндік санасын дамыту бағдарламаларын әзірлейді; ОН9 басқару технологиялары мен инновациялық әдістерін, білім беру ұйымдарындағы маркетингті, педагогикалық үдерісті, басқарушылық және білім беру үдерістерінің тиімді нәтижелерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жобалық іс-әрекеттерді қолданады; OН10 ғылыми және іскерлік қарым-қатынасты жүргізе алады, ғылыми конференцияда сөз сөйлей алады, ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша тезистер, аңдатпалар, мақалалар жаза алады; OН11 ғылыми зерттеу әдіснамасын, жоғары мектептегі бейіндік пәндерді оқытудың тиімді әдістемесін, білім берудегі инновациялық менеджментті қолданады; ОН12 көшбасшылық қасиеттерін көрсете отырып, өз көзқарасын дұрыс дәлелдей отырып, өз іс-әрекетін кәсіби түрде түзете отырып, ұжымды тиімді басқарады. |