7M01113 Білім берудегі менеджмент

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7М01113 Білім берудегі менеджмент

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М01 Педагогикалық ғылымдар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7M011 Педагогика және психология

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М001 Педагогика және психология

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

ББ мақсаты

 

Жоғары оқу орындарында, білім беру ісін басқару ұйымдарында және басқа да білім беру ұйымдарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми-педагогикалық, басқарушылық қызметті жүзеге асыру үшін іргелі білімдерді, инновациялық білім беру технологияларын, зерттеу дағдыларын игерген жаңа тұрпаттағы бәсекеге қабілетті магистр мамандарды кәсіби даярлау.

Берілетін дәреженің атауы

педагогикалық ғылымдар магистрі

Кәсіби қызмет саласы

- білім беру (білім беру және тәрбиелеу процестерін психологиялық және педагогикалық зерттеу және қолдау);

- білім беру саласындағы менеджмент;

- инновациялық педагогикалық қызмет, сауықтыру, білім беру ұйымдарындағы диагностика және консультация;

-педагогикалық ағарту, психологиялық және психотерапевтикалық көмек, әлеуметтік-педагогикалық қызмет;

- ғылыми-зерттеу қызметі.

Оқыту нәтижелері

OН1 әлеуметтік-гуманитарлық, психологиялық-педагогикалық ғылымдардың өзекті мәселелерін, жоғары оқу орнындағы ғылыми таным мен педагогиканың қазіргі даму тенденцияларын талдайды және қорытындылайды;

OН2 Көпмәдениетті және көптілді ортадағы ғылыми, психологиялық-педагогикалық басқару, әлеуметтік өзара әрекеттесу мәселелерін шешу үшін шет тілін пайдаланады, мәдениетаралық өзара әрекеттесу процесінде мәдениеттердің алуан түрлілігін талдайды және есепке алады;

OН3 қазіргі әлемдік және отандық психология және педагогика ғылымдары дамуының өзекті мәселелерін, перспективаларын, беталыстарын, білім беруді басқарудың халықаралық тәжірибесін талдайды және айқындайды;

OН4 ғылыми-зерттеу әдістемесі мен әдістерін, математикалық статистиканы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, зерттеу қызметінің нәтижелерін талдау технологиясын пайдалана отырып, ғылыми-практикалық тапсырмаларды орындайды;

ОН5 психологиялық-педагогикалық теория мен қазіргі заманауи тәжірибеде менеджменттің даму беталыстары мен негізгі жетістіктерін, генезисін талдап-қорытады; білім беру жүйелерін басқарудың өзекті міндеттерін шешуде мәдени-тарихи және іс-әрекеттік тәсілдерді білетіндігін қолдана алады;

OН6 кәсіби әдеп нормаларын ескере отырып, басқарушылық қызметтің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктерін талдайды; ұйымның дамуындағы жағдай мен өзгерістерді жорамалдайды және болжайды;

ОН7 диагностиканың, дамытудың, түзетудің, терапияның, кеңес берудің заманауи әдістерін қолданып, тұлғаның психологиялық зерттеуін жүргізеді;

ОН8 девиантты, делинквентті, деструктивті, суицидтік мінез-құлықтағы тұлғалармен жұмыс істеу және оларды әлеуметтік оңалту әдістерін меңгеріп, адамдардың психологиялық өзіндік санасын дамыту бағдарламаларын әзірлейді;

ОН9 басқару технологиялары мен инновациялық әдістерін, білім беру ұйымдарындағы маркетингті, педагогикалық үдерісті, басқарушылық және білім беру үдерістерінің тиімді нәтижелерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жобалық іс-әрекеттерді қолданады;

OН10 ғылыми және іскерлік қарым-қатынасты жүргізе алады, ғылыми конференцияда сөз сөйлей алады, ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша тезистер, аңдатпалар, мақалалар жаза алады;

OН11 ғылыми зерттеу әдіснамасын, жоғары мектептегі бейіндік пәндерді оқытудың тиімді әдістемесін, білім берудегі инновациялық менеджментті қолданады;

ОН12 көшбасшылық қасиеттерін көрсете отырып, өз көзқарасын дұрыс дәлелдей отырып, өз іс-әрекетін кәсіби түрде түзете отырып, ұжымды тиімді басқарады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.