7M01450 Кәсіптік оқыту

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ПАСПОРТЫ

 

БББ атауы

7M01450 - Кәсіптік оқыту

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М01- Педагогикалық ғылымдар

 

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7М014 -  Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтарды даярлау

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М008 -  Кәсіптік оқыту педагогтерін даярлау

Оқыту тілі

Қазақша, орысша

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Кәсіптік білім беру саласындағы тұжырымдамалық білімі бар ғылыми, педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындау.

Берілетін дәреженің атауы

Педагогика ғылымдарының магистрі

Кәсіби қызмет саласы

- жоғары және қосымша кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында, ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдары мен өндiрiстегi өндiрiстiк қызмет;

- білім беру саласындағы зерттеулер және өндірісте, мамандандыруға сәйкес қызметкерлерді көтеру саласында;

- білім беру бағдарламасының 7M01450 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша магистратураның біліктілігіне сәйкес оқытушылық қызмет.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Кәсіптік оқыту мамандарын даярлау бағытын ескере отырып, жоғары мектепте оқу процесін ұйымдастырудың ғылыми негіздерін жүйелеу.

ОН2 Тұлғааралық қарым-қатынаста шет тілін менгергенін көрсету, маман және маман емес тұлғаларға ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметті табысты жүзеге асыру үшін ақпаратты нақты хабарлау.

ОН3 Ғылым дамуының қазіргі кезеңінде туындайтын негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау, ғылым философиясының ережелері мен категорияларына негізделген әртүрлі фактілер мен құбылыстарды бағалау.

ОН4 Ұйымдағы персоналдың мінез-құлқын басқарудың әлеуметтік-психологиялық технологияларын меңгеру, қызметкерлердің дамуы мен еңбегін тиімді пайдалануды бағалау.

ОН5 Жаңа педагогикалық мәселелерді шешу және үздіксіз кәсіптік білім беру саласында кәсіпкерлік қызметті іске асыру.

ОН6 Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мамандарды ғылыми-педагогикалық даярлау бойынша әдіснамалық және тұжырымдамалық зерттеулерді өз бетінше талдау.

ОН7 Дуальды оқытуды ұйымдастыру, басқару және жетілдіру тетіктерін ұсына отырып, оқытудың мазмұны мен технологияларын талдау.

ОН8 Еңбек объектілерін әзірлеудің конструкторлық-технологиялық құжаттамаларын дайындау, соның негізінде конструкциялық және тоқыма материалдарын өңдеу технологияларын меңгеру.

ОН9 Жұмыс берушілер мен білімгерлердің өздерінің мамандарды даярлау мазмұнына қойылатын талаптарын талдай отырып, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдарын зерттеу.

ОН10 Қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды, оның ішінде инклюзивті ұйымдардың оқу және тәрбие іс-әрекетін қолдану, тәрбие процесінің әртүрлі бағыттарын ұйымдастырушылық-педагогикалық және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.