7M02220 Тарих
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
7М02220 Тарих |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7М02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7M022 Гуманитарлық ғылымдар |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
М053 Тарих |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
120 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Сыни ойлау мен талдауға ие, тарих ғылымы саласында ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу жүргізуге дайын гуманитарлық ғылым саласында жоғарғы білікті магистр мамандарды даярлау |
Берілетін дәреженің аталуы |
Гуманитарлық ғылымдар магистрі |
Кәсіби қызмет саласы |
- білім беру мекемелері; - ғылыми сала; - қоғамдық-саяси және мәдени сала |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 қоғаммен және кәсіби ортада шет тілінде үйлесімді қарым-қатынас жасай алатын, ғылыми қоғамда өз идеясын еркін жеткізіп, шынайы деректерді оқи алу; ОН2 кәсіби қызметінде тарихи танымды, ғылым философиясын және тарих ғылымының концептуалды жағдайларын қолдану; ОН3 командалық жұмысты басқаруға қажетті педагогика мен психологияның әдістерін меңгере отырып, ұжымның мүшелерімен және зерттеу іс-әрекетінде жемісті қарым-қатынас жасау; ОН4 тарих ғылымы саласында пәнаралық әдістерді пайдалана отырып ғылыми зерттеулерді сыни талдау және өңдеу; ОН5 заманауи ақпараттық технологияларды тарта отырып отандық және әлемдік тарих ғылымының өзекті мәселелері бойынша тарихнаманы және архив құжаттарын деректанулық талдау; ОН6 түркі әлеміндегі және Қазақстандағы интеграциялық үдерістердің негізгі кезеңдерін және саяси, әлеуметтік-демографиялық заңдылықтарын кешенді зерттеу; ОН7 ауызшы тарих, күнделікті өмір тарихы және жергілікті тарих ғылыми бағытының қазіргі заманғы әдіснамалық принциптерін, концепцияларын меңгеру; ОН8 Евразиядағы саяси үдерістердің негізгі заңдылықтарын, Орталық Азия елдері мен Қазақстанның ұлттық-мәдени дамуын бағамдау және салыстыру. |