6B03220 Журналистика
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В03220 – Журналистика |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В03 – Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В032 – Журналистика және ақпарат |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В042 – Журналистика және репортер ісі |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
|
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
|
БББ мақсаты |
Қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие, сыни тұрғыдан ойлайтын, кең ауқымды дүниетаным мен жеке қасиеттерді танытатын, IT-құзыреттілікті игерген журналистика саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
Әлеуметтік білімдер бакалавры |
Кәсіби қызмет саласы |
«6В03220 – Журналистика» БББ түлектерінің кәсіби қызмет саласы БАҚ, интернет-ресурстар, ақпараттық қызметтер мен басқармалар, көпшілік қызметтері, коммуникация бөлімдері, шектес ақпараттық-коммуникативтік салалар (PR қызметтер мен басқармалар, баспахана, жарнама агенттігі және т.б.) болып табылады. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Журналистика мен публицистиканың дәстүрлі және заманауи жанрларын пайдалана отырып, ақпараттық және талдағыштық материалдар даярлау, медиа жобаларды жасаудың отандық және әлемдік тәжірибесінің үздік жетістіктерін пайдалана отырып, әралуан дереккөздерден ақпараттарды құрастыру. ОН2 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, академиялық адалдық пен парасаттылықты қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды, ғылыми және эксперименттік зерттеулердің әдістерін көрсету. ОН3 Бағдарламалық идеяларды әзірлеу, ақпараттың дұрыстығын тексеру, әртүрлі дереккөздерден, соның ішінде әлеуметтік желілерден ақпаратты жинау және өңдеу, өзекті тақырыптарды шығармашыл түрде іздестіру үшін мақсатты аудиторияны анықтау. ОН4 Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды динамикада сыни талдау, заңды және саяси бағыттар мен өзгерістерді қадағалау, жорамалдау, БАҚ саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативті құқықтық актілерін басшылыққа алу. ОН5 Өз жұмысын бағалау, сынды қабылдау, қабылданған шешім үшін өзіне жауапкершілік алу, өз материалдарына жауапкершілікпен қарау, азаматтарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету мен БАҚ табысты жұмысын ұйымдастыруда кәсіби құқықтарды пайдалану және қорғау. ОН6 Ақпараттық деректерді жинау, өңдеу тәсілдерін, қоғамдық құбылыстар мен процестердің даму заңдылықтарын зерттеу, масс-медиа, редакция жұмыстарын жүргізу үшін арнайы теориялық, практикалық дағдыларды жетілдіру. ОН7 Журналистік туынды жасау мен шешендік шеберлік, эмоциясыз оқи алу, үйлестіру, артикуляция, сөйлеу тазалығы, ойлау мәдениеті дағдыларын, сөйлеу техникасын, стилистика ережелерін меңгеру; ОН8 PR-акциялар өткізу; бағдарлы халықаралық аудиториялардағы PR-жобалардағы «қоғамдық мәнді ақпараттарды» құру; фотобейне элементтерін, визуалды қабылдау заңдылықтарын қолдану; халықаралық журналистік ұжымдарды құру және оларда жұмыс жасау. ОН9 Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстарын қарастыру, жобалау, қоғамда жүріп жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік үдерістерді бағалау, БАҚ-та Қазақстан мен шет елдердің саяси қайраткерлерімен әңгіме, сұхбат жүргізу дағдыларын иелену, басқа елдердегі оқиғаларға аңдатпа және түсініктеме бере білу; ОН10 Жаһандық әлемдік даму мәніндегі заманауи әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды талдау, мемлекеттік ұйымдармен, жергілікті басқару ұйымдарымен, кәсіпорындармен, азаматтармен, басқа да көпшілік ақпарат құралдарымен тұрақты байланыс орнату, заманауи қатысымдық технологияны пайдалана білу. ОН11 Демократиялық құқықтық қоғам идеалдары мен құндылықтарын қамту, бизнес-ойлауды жоспарлау және бизнес пен экономика бойынша базалық білімдерді жүйелеу, экологиялық жағдайларды бағалау мен жанды әлемге мұқият қатынасу қажеттілігін түйсіну. ОН12 Мемлекеттік тілде, орыс, шет тілдерінде қатысым жасай отырып, жеке және ұжыммен бірлесіп тиімді жұмыс жасау, өз көзқарасын дәлелдеу, спорттық іс-шараларға, сайыстарға комментаторлық жасау, адамзат мәдениетіне ықпал көрсетудің белсенді тетігі ретіндегі арт-проблематиканы құру және жандандыру. |