7M03130 Психология
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
7М03130 Психология |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7М03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7М031 Әлеуметтік ғылымдар |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
М066 Психология |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
120 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шешуге, жеке тұлғаның психологиялық саулығын дамытуға бағдарланған, адамдарға психологиялық қолдау көрсету саласында құзыретті және бәсекеге қабілетті магистр-психологтарды кәсіби даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
Әлеуметтік ғылымдар магистрі |
Кәсіби қызмет саласы |
- білім беру (білім беру және тәрбиелеу процестерін психологиялық зерттеу және қолдау); - денсаулық сақтау және спорт (медициналық және спорттық ұйымдардың қызметін психологиялық қамтамасыз ету; психопрофилактикалық және психокоррекциялық іс-шаралар); - өндірістік (адам ресурстарын басқаруды, өндірістік қызметті және бизнесті психологиялық қамтамасыз ету); - құқық қорғау органдары (шұғыл-іздестіру және тергеу қызметін психологиялық қамтамасыз ету, сот ісін жүргізу, пенитенциарлық мекемелердегі құқықтық профилактика); - ғылыми-зерттеу қызметі. |
Оқыту нәтижелері |
OН1 әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелерін, жоғары оқу орнындағы ғылыми білім мен педагогиканың қазіргі даму тенденцияларын талдайды және қорытындылайды; OН2 көпмәдениетті және көптілді ортадағы ғылыми, психологиялық-педагогикалық басқару, әлеуметтік өзара әрекеттесу мәселелерін шешу үшін шет тілін пайдаланады, мәдениетаралық өзара әрекеттесу процесінде мәдениеттердің алуан түрлілігін талдайды және есепке алады; OН3 қазіргі әлемдік және отандық психология ғылымы мен тәжірибесінің дамуының өзекті мәселелерін, перспективаларын, беталыстарын, тұлға мен әлеуметтік топтардың дамуын талдайды және айқындайды; OН4 ғылыми-зерттеу әдістемесі мен әдістерін, математикалық статистиканы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, зерттеу қызметінің нәтижелерін талдау технологиясын пайдалана отырып, ғылыми-практикалық тапсырмаларды орындайды; OН5 жаңа және күрделі идеяларды сыни тұрғыдан талдайды, бағалайды, әлеуметтік, этикалық және ғылыми ұғымдарды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинайды және түсіндіреді; OН6 кәсіби әдеп нормаларын ескере отырып, басқарушылық қызметтің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктерін талдайды; ұйымның дамуындағы жағдай мен өзгерістерді жорамалдайды және болжайды; ОН7 диагностиканың, дамытудың, түзетудің, терапияның, кеңес берудің заманауи әдістерін қолданып, тұлғаның психологиялық зерттеуін жүргізеді; ОН8 девиантты, делинквентті, деструктивті, суицидтік мінез-құлықтағы тұлғалармен жұмыс істеу және оларды әлеуметтік оңалту әдістерін меңгеріп, адамдардың психологиялық денсаулығын дамыту және сақтау бағдарламаларын әзірлейді; ОН9 жеке тұлғаның, топтардың, ұйымдардың дамуына психологиялық болжам жасайды, психологиялық қатынас бағдарламаларын ұсынады (тренинг, психокоррекция, психотерапия, психологиялық кеңес беру); OН10 ғылыми және іскерлік қарым-қатынасты жүргізе алады, ғылыми конференцияда сөз сөйлей алады, ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша тезистер, аңдатпалар, мақалалар жаза алады; OН11 жеке тұлғаның психологиялық дамуын үйлестіру үшін психотерапевтік жұмыстың нысандары мен әдістерінің кешенін тәжірибеге енгізеді; ОН12 көшбасшылық қасиеттерін көрсете отырып, өз көзқарасын дұрыс дәлелдей отырып, өз іс-әрекетін кәсіби түрде түзете отырып, ұжымды тиімді басқарады. |