7M03130 Психология

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7М03130 Психология

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7М031 Әлеуметтік ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М066 Психология

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шешуге, жеке тұлғаның психологиялық саулығын дамытуға бағдарланған, адамдарға психологиялық қолдау көрсету саласында құзыретті және бәсекеге қабілетті магистр-психологтарды кәсіби даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

Әлеуметтік ғылымдар магистрі

Кәсіби қызмет саласы

- білім беру (білім беру және тәрбиелеу процестерін психологиялық зерттеу және қолдау);

- денсаулық сақтау және спорт (медициналық және спорттық ұйымдардың қызметін психологиялық қамтамасыз ету; психопрофилактикалық және психокоррекциялық іс-шаралар);

- өндірістік (адам ресурстарын басқаруды, өндірістік қызметті және бизнесті психологиялық қамтамасыз ету);

 - құқық қорғау органдары (шұғыл-іздестіру және тергеу қызметін психологиялық қамтамасыз ету, сот ісін жүргізу, пенитенциарлық мекемелердегі құқықтық профилактика);

- ғылыми-зерттеу қызметі.

Оқыту нәтижелері

OН1 әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелерін, жоғары оқу орнындағы ғылыми білім мен педагогиканың қазіргі даму тенденцияларын талдайды және қорытындылайды;

OН2 көпмәдениетті және көптілді ортадағы ғылыми, психологиялық-педагогикалық басқару, әлеуметтік өзара әрекеттесу мәселелерін шешу үшін шет тілін пайдаланады, мәдениетаралық өзара әрекеттесу процесінде мәдениеттердің алуан түрлілігін талдайды және есепке алады;

OН3 қазіргі әлемдік және отандық психология ғылымы мен тәжірибесінің дамуының өзекті мәселелерін, перспективаларын, беталыстарын, тұлға мен әлеуметтік топтардың дамуын талдайды және айқындайды;

OН4 ғылыми-зерттеу әдістемесі мен әдістерін, математикалық статистиканы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, зерттеу қызметінің нәтижелерін талдау технологиясын пайдалана отырып, ғылыми-практикалық тапсырмаларды орындайды;

OН5 жаңа және күрделі идеяларды сыни тұрғыдан талдайды, бағалайды, әлеуметтік, этикалық және ғылыми ұғымдарды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинайды және түсіндіреді;

OН6 кәсіби әдеп нормаларын ескере отырып, басқарушылық қызметтің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктерін талдайды; ұйымның дамуындағы жағдай мен өзгерістерді жорамалдайды және болжайды;

ОН7 диагностиканың, дамытудың, түзетудің, терапияның, кеңес берудің заманауи әдістерін қолданып, тұлғаның психологиялық зерттеуін жүргізеді;

ОН8 девиантты, делинквентті, деструктивті, суицидтік мінез-құлықтағы тұлғалармен жұмыс істеу және оларды әлеуметтік оңалту әдістерін меңгеріп, адамдардың психологиялық денсаулығын дамыту және сақтау бағдарламаларын әзірлейді;

ОН9 жеке тұлғаның, топтардың, ұйымдардың дамуына психологиялық болжам жасайды, психологиялық қатынас бағдарламаларын ұсынады (тренинг, психокоррекция, психотерапия, психологиялық кеңес беру);

OН10 ғылыми және іскерлік қарым-қатынасты жүргізе алады, ғылыми конференцияда сөз сөйлей алады, ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша тезистер, аңдатпалар, мақалалар жаза алады;

OН11 жеке тұлғаның психологиялық дамуын үйлестіру үшін психотерапевтік жұмыстың нысандары мен әдістерінің кешенін тәжірибеге енгізеді;

ОН12 көшбасшылық қасиеттерін көрсете отырып, өз көзқарасын дұрыс дәлелдей отырып, өз іс-әрекетін кәсіби түрде түзете отырып, ұжымды тиімді басқарады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.