6B04140 Қаржы

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В04140   Қаржы

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В04  Бизнес, басқару және құқық

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В041  Бизнес және басқару

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В046  Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Теориялық және практикалық білімді, қажетті әдістер мен құралдарды меңгерген, қаржы саласының қазіргі жағдайын бағалай және талдай алатын бәсекеге қабілетті бакалавр қаржыгерлерді дайындау

Берілетін дәреженің аталуы

«Бизнес және басқару бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

Кәсіби қызмет саласы болып түлектердің тиісті ұйымдарда және мекемелерде, салалдарда қаржылық-талдау, сақтандыру, инвестициялық, басқарушылық, салықтық-бақылаушы және өзге де кәсіби қызметті жүзеге асыруы болып табылады

Оқыту нәтижелері

ОН1 Академиялық адалдық мәдениетімен академиялық жазу принциптерін ескере отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін жеткізу

ОН2 Дүниетанымдық, азаматтық және рухани ұстанымдар мен ғылыми-эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыруға негізделген әлеуметтік, жаратылыстану-ғылымы, әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуын көрсете білу.

ОН3 Ақпаратты жалпылау және талдау арқылы, оның ішінде қаржы-экономикалық қатынастар саласында ақпараттық, аналитикалық және есептеу сауаттылығын көрсете білу.

ОН4 Ақша айналымын және қаржыны ұйымдастыру саласында іргелі экономикалық білімді, тұтастай алғанда елдің қаржы жүйесін, оның жекелеген салалары мен буындарын ұйымдастыру және жұмыс істеу негіздерін меңгеру.

ОН5  Қаржы және несие саласында отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану, қазіргі заманғы қаржы жүйесінің құрылымы, субъектілері, заңдылықтары мен динамикасы туралы деректерді талдауды жүзеге асыру.

ОН6 Салықтық-бюджеттік жоспарлау және ҚР бюджетіне салықтардың, алымдардың және басқа да мемлекеттік төлемдердің барлық түрлерін есептеу әдістерін қолдану.

 ОН7 Банктік және сақтандыру бизнесі саласында кеңес беруді жүзеге асыру. Әлеуетті қарыз алушылардың кредитке қабілеттілігін бағалай білу. Қаржылық-несиелік операциялардың мәнін негіздей отырып, сандық қаржылық технологияларды қолданудың негізгі тенденцияларын анықтау.

ОН 8 Кәсіпорындарда, экономиканың мемлекеттік және жеке секторларының ұйымдарында маркетингтік және қаржылық-экономикалық құралдарды пайдалану туралы тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау.

ОН 9  Қаржылық жоспарлауды, инвестициялық жобаларды, бизнес-жоспарларды, кәсіпорындар мен мемлекеттің перспективалық және ағымдағы жоспарларын басқаруда және мазмұнында негізгі тәсілдерді қолдану.

ОН 10 Зерттеу, кәсіпкерлік дағдыларын және тәуекелдерді басқару дағдыларын қолдану. Жұмысты өз бетінше және команда мүшесі ретінде құра білу, мерзімдері мен әрекеттерін түзету, кәсіби жетістікке бағыттай білу.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.