6B07230 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылу

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В07230 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В072 Өндірістік және өңдеу салалары

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В070 Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

Оқыту тілі

Қазақ, орыс,  ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Қазақстан Республикасында және халықаралық деңгейде жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуға арналған бәсекеге қабілетті білімі, дағдылары мен кәсіптік дағдылары бар танымал кадрларды дайындау

Берілетін дәреженің аталуы

«Техника және технология бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

• жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының өндірістік технологиялық процесстері;

 • жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын жобалау және сапасын бағалау, технология аумағындағы жобалау-конструкторлық қызмет;

• жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын модельдеу және құрастыру процесстері;

• өндірістік зертханалардағы сараптамалық жұмыстар;

 • жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының стандарттау және сертификаттау зертханаларындағы сынау әдістері.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасайды.

ОН2 Кең ой-өрісі мен ойлау мәдениеті бар тұлғаны қалыптастыратын әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласында негізгі білімге ие болады.

ОН3 Кәсіби қызмет саласында қолданылатын ақпаратты жинап, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдістерін қолданады.

ОН4 Осы міндеттерді шешудің технологиялық, тұжырымдамалық және шығармашылық тәсіліне сүйене отырып, құрылымдардың әртүрлі әдістерін, дұрыс формаларды қолдана отырып, жобалық идеяны әзірлеп, құжаттардың нормативтеріне сәйкес жобалық құжаттаманы рәсімдейді.

ОН5 Үлгілердің түрлерін жасау үшін конструктивті модельдеуді орындай отырып, типтік және жеке фигураларға арналған тігін бұйымдарының негізгі конструкцияларының сызбаларын жасайды.

ОН6 Бөлшектер мен тораптарды өңдеу технологиясының негіздерін, тігін бұйымдарын өңдеу әдістерін меңгереді және нормативтік құжаттарға сәйкес тігін бұйымына технологиялық реттілік жасайды.

ОН7 Материалдардың талшықты құрамын, құрылысы мен құрылымын анықтайды, жеңіл өнеркәсіпте қолданылатын әртүрлі материалдар түрлерінің физика-механикалық көрсеткіштерін анықтау бойынша стандартты сынақтар жүргізеді.

ОН8 Техника-экономикалық көрсеткіштерді, автоматтандыруды және механикаландыруды ескере отырып, тігін кәсіпорындарының технологиялық процесін жобалайды.

ОН9 Конструкторлық-технологиялық процестер мен жабдықтарды жетілдіру бойынша зерттеулерге қатысады, алынған нәтижелерді практикада қолданады, ғылыми – техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені зерделейді.

ОН10 Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың әлеуметтік, экономикалық және технологиялық жағдайларын бағалай біледі және жеңіл өнеркәсіпте бизнесті дамыту сценарийлерін болжай біледі.

ОН11 Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірудің өндірістік процесін жобалауды зерттейді, ұйымдастырушылық және басқару дағдыларын қолданады.

ОН12 Кәсіби және жеке даму міндеттерін өз бетінше анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуді, біліктілікті арттыруды саналы түрде жоспарлайды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.