6B04130 Есеп және аудит
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В04130 Есеп және аудит |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В04 Бизнес, басқару және құқық |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В041 Бизнес және басқару |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В045 Аудит және салық салу |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Білім беру бағдарламасының мақсаты: барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы экономикалық субъектілерде есепке алу-талдау және бақылау процестерін ұйымдастыру принциптерін меңгерген жоғары білікті, кең бейіндегі бакалаврларды дайындау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
Бизнес және басқару бакалавры |
Кәсіби қызмет саласы |
Кәсіби қызмет саласы мемлекеттік органдар, барлық меншік нысанындағы мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буынындағы экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару органдары болып табылады. |
Оқыту нәтижелері |
ОН 1 - Рухани және адамгершілік құндылықтарды, этикалық нормалар мен академиялық мәдениетті көрсете отырып, кәсіби орта мен социумда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлесе алады. ОН 2 - Өндіріс шығындары мен пайданы математикалық және талдамалық есептеу, нақты жағдайларды талдау үшін экономикалық құралдарды таңдау, микроэкономикалық және макроэкономикалық модельдерді құру және сыни ойлау дағдыларын көрсету. ОН 3 – Сандық компьютерлік технологияларды, құралдар мен қосымшаларды қолдану және сандық ақпаратты өңдеу қабілеті. ОН 4 – Ғылыми зерттеу әдістерін: әртүрлі ақпарат көздерін зерттеу, алынған ақпаратты талдау, байқау, эксперимент, сауалнама және т. б. қолдана білу. ОН 5 - Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында бухгалтерлік және салық есебін жүргізуді, сондай-ақ коммерциялық қызметтің кез келген түрін: көтерме және бөлшек сауданы, қызметтер көрсетуді, өндірісті және т. б. жүзеге асыратын ұйымдарда міндетті (регламенттелген) есептілік нысандарын дайындау. ОН 6 - Бухгалтерлік және қаржы-экономикалық қызметтердің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін "1С:Бухгалтерия 8" - де жұмыс істей білу және бухгалтерлік және салық есебін кешенді автоматтандырудың бағдарламалық өнімдерімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларының болуы. ОН 7 - Мүліктің, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және есептілік жасау жөніндегі заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік материалдарды, шоттардың жоспары мен шоттар корреспонденциясын жасап және есептік ақпарат жинау негізінде кез келген кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне талдау және аудит жүргізу. ОН 8 Аудитордың жұмыс құжаттарын құра білу, аудиторлық процедураларды орындау дағдыларын меңгеру, өмір бойы дағдылар мен құзыреттіліктерді үздіксіз жетілдіру. ОН 9 - Бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдау мен бақылауды жүзеге асырады және оларды есептік өңдеуге дайындайды. ОН 10 – Салықтық жоспарлау құралдарының тиімді жиынтығын қалыптастыру және қолдану, салық заңнамасын салық төлеушілердің типтік қателіктерін, салық органдарының заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау. ОН 11 - Мүліктің, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу, өнімнің (жұмыстары мен қызметтер) өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін пайдалану, есептік калькуляцияларды түзу және т.б. есептеулерді жүргізу. ОН 12 - Бизнес-жобалаудың және командалық жұмыстың кәсіпкерлік дағдыларын, оның ішінде виртуалды ортада, жұмыста ақпараттық бағдарламалық өнімдерді пайдаланудың практикалық дағдыларын, үздік практикалар (халықаралық тәжірибені қоса алғанда) тәжірибесін көрсету. |