8D01110 Педагогика және психология

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

8D01110 Педагогика және психология

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

8D01 Педагогикалық ғылымдар

 

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

8D011 Педагогика және психология

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

D001 Педагогика және психология

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

180 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 

БББ мақсаты

Жоғары оқу орындарында, білім беруді басқару органдарында, білім беру ұйымдарында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми, педагогикалық, кәсіптік-практикалық қызметті жүзеге асыру үшін іргелі білімі, инновациялық тәсілдері, зерттеу дағдылары бар Педагогика және психология саласында бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды (философия докторлары-РhD) даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

PhD философия докторы

Кәсіби қызмет саласы

 

 - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласы;

- ғылым;

- білім беруді басқару саласы.

Оқыту нәтижелері

ОН1 психологиялық-педагогикалық зерттеулердің философиясы мен әдіснамасын терең және жүйелі білуін көрсету, ғылыми деректер базасын пайдалана отырып, әдістемелік тәсілмен зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыру кәсіби  дағдылары мен икемділіктері.

ОН2 әлемдік және қазақстандық психологиялық-педагогикалық ғылымның жай-күйі мен бағыттарын білім берудің қазіргі парадигмаларының тұрғысынан сыни талдау, олардың ғылыми тәсілмен келешегін жүйелеу және болжау.

ОН3 психология және педагогика саласында жаңа және күрделі ғылыми идеяларды жинақтай білу, олардың негізінде зерттеулер жоспарлау және ұйымдастыру, эксперименттік деректерді өңдеу және түсіндіру, дәйекті ғылыми нәтижелер алу және ғылыми этиканы сақтау.

ОН4 қолданыстағы әдістер мен әдістемелерді түрлендіре отырып, күрделі зерттеу міндеттерін шешуде психологиялық-педагогикалық зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін қолдана білу.

ОН5 қазіргі заманғы педагогикалық және психологиялық теориялар мен ғылыми-зерттеу құралдарының негізінде академиялық тұтастығымен сипатталатын психология және педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерді дербес жобалау;

ОН6 педагогикалық жүйелерді болжау, білім беру, жеке тұлғаны тәрбиелеу және дамыту процестерін жаңғырту бойынша талдау-сараптама жұмысын жүргізу;

ОН7 кәсіби өзін-өзі дамытуды жоспарлай және болжай отырып, әртүрлі көздерден алынған ақпаратты бағалау;

ОН8 ақпараттық ағындардың тез жаңаруы және өсуі жағдайында өзінің ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметін жобалау.

ОН 9 - проблемаларды кәсіби талдау, жаңа идеяларды ілгерілету, педагогика және психология саласындағы ғылыми әзірлемелерді қорғау және сараптау кезінде өз көзқарасын қорғай білу;

ОН10 тұлғааралық қарым-қатынас және адам ресурстарын басқару мәселелерінде стратегиялар әзірлеу қабілетін көрсету;

ОН11 ЖОО-да психологиялық-педагогикалық пәндерді оқыту процесінде инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, ғылыми ақпаратты іздеу мен берудің тиімді жолдарын анықтау және іске асыру қабілетін көрсету.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.