6B07322 Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В07322 – «Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы»

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В07 «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары»

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В073  «Сәулет және құрылыс»

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В074 – Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 

БББ мақсаты

Автомобиль жолдарын жобалау, салу және эксплуатациялау дағдыларына ие, ой-өрісі кең және ойлау мәдениетімен қалыптасқан жоғары білімді тұлға ретінде түлекті дайындау.

Берілетін дәреженің аталуы

техника және технология бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

Автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу, жөндеу, қайта жаңарту, пайдалану, жол құрылысы, автомобиль жолдарында инженерлік құрылыстар салу, жол саласы объектілерін салуды және қайта жаңартуды ұйымдастыру жобаларын әзірлеу

Оқыту нәтижелері

ОН1. Академиялық жазу қағидаттары мен академиялық адалдық мәдениетін ескере отырып, қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қарым-қатынас жасау, сондай-ақ командада жұмыс істей білу.

ОН2. Дүниетанымдық және азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру үшін қоғамдық, құқықтық, әлеуметтік білімді көрсету.

ОН3. Математикалық, экономикалық, жаратылыстану-ғылыми, кәсіпкерлік білім негіздерін және ғылыми зерттеу әдістерін пайдалана отырып, жол құрылысы саласындағы кәсіби міндеттерді шешу.

ОН4. Автомобиль жолдарының трассасын және аэродромдардың әуе тәсілдерінің жолақтарын, сондай-ақ олардың жекелеген құрылымдық элементтері мен тораптарын жобалау үшін заманауи АКТ және мамандандырылған компьютерлік кешендерді қолдану.

ОН5. Автомобиль жолдарының геометриялық элементтерінің өлшемдерін анықтау және жер төсемінің қасиеттерін ескере отырып, жол қабаттарын жобалау.

ОН6. Құрылыс материалдарына, конструкцияларға, құрылыс техникасы мен механизмдеріне қажеттілікті есептеуді орындау, жол құрылысы объектілерінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін сыни бағалау.

ОН7. Жол құрылыс материалдарының физикалық-механикалық қасиеттерін, кернеулі-деформацияланған күйін, жүк көтергіштігін, сондай-ақ топырақ массивтерінің тұрақтылығын анықтау.

ОН8. Инженерлік-іздестіру жұмыстарын жүргізу, жұмыстарды өндіру жобасын (ЖӨЖ) әзірлеу үшін, оның ішінде жобаның ақпараттық моделін қолдана отырып, бастапқы деректерді дайындау.

ОН9. Кәсіби міндеттерді, кәсіби және жеке дамуды тиімді орындау үшін қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу және пайдалану.

ОН10. Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы саласындағы құрылыс қызметін регламенттейтін нормативтік актілерді, құрылыс нормалары мен техникалық шарттарды қолдану.

ОН11. Пайдалану процесінде, оның ішінде аспаптық бақылаулардың көмегімен жол төсемі мен олардағы құрылыстардың жай-күйін бақылау және бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу.

ОН12. Нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, жол құрылысында еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларын әзірлеу


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.