6B01531 Математика-Информатика

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В01531-Математика-Информатика

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В01 Педагогикалық ғылымдар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В015-Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша  мұғалімдерді даярлау

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В009- Математика мұғалімдерін даярлау 

 

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Педагогикалық әрекеттің заманауи әдістерін меңгерген математика мен информатикадан сұранысқа ие  мұғалімді дайындау.

 

Берілетін дәреженің аталуы

«Білім бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

- білім беру саласы;

 

Оқыту нәтижелері

ОН1 -Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін түсіне отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін сөйлесу.

ОН2 -Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету.

ОН3 -Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың тиісті әдістемелері мен құралдарын айқындай отырып, білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жоспарлар жасау және сабақтар өткізу.

OН4 -Жаңа педагогикалық технологияларды ескере отырып, оқыту мазмұнына өзгерістер енгізу және жоспарлау;

OН5  -Математикалық аппараттарды қолдану және математикалық ойлауды көрсету арқылы қолданбалы математикалық есептерді шешу.

ОН6 -Жүргізілген математикалық және қолданбалы зерттеулердің нәтижесін зерттелген құбылыстың пәндік саласы тұрғысынан көрсетілген нақты ұсыныстар түрінде жеткізе білу.

OН7 -Математиканы оқытудың инновациялық технологияларын, пәндік дағдыларды қалыптастыру әдістерін, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын қалыптастыру әдістерін қолдану

ОН8 -Кәсіби қызмет саласындағы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, информатика саласындағы міндеттерді тұжырымдай және іс жүзінде шеше білу, зерттеу қызметін табысты жүзеге асыру.

OН9 -Желілік ресурстарды, бағдарламалық құралдарды қолдана отырып, компьютерлік жүйелерді жобалау және енгізу.

ОН10 -Тәрбие жұмысының әдістемесін, білім берудің заманауи тұжырымдамаларын пайдалана отырып, білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру арқылы олардың мінез-құлқын басқару

ОН11 -Зерттеу, кәсіпкерлік дағдыларын пайдалану және белгісіздік жағдайында жұмыс жасау дағдысы болу.

ОН12 -Жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, ресми, бейресми, ақпараттық нысандарда кәсіби үздіксіз білім беруді жоспарлау.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.