6B01531 Математика-Информатика
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В01531-Математика-Информатика |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В01 Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В015-Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В009- Математика мұғалімдерін даярлау
|
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Педагогикалық әрекеттің заманауи әдістерін меңгерген математика мен информатикадан сұранысқа ие мұғалімді дайындау.
|
Берілетін дәреженің аталуы |
«Білім бакалавры» |
Кәсіби қызмет саласы |
- білім беру саласы;
|
Оқыту нәтижелері |
ОН1 -Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін түсіне отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін сөйлесу. ОН2 -Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету. ОН3 -Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың тиісті әдістемелері мен құралдарын айқындай отырып, білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жоспарлар жасау және сабақтар өткізу. OН4 -Жаңа педагогикалық технологияларды ескере отырып, оқыту мазмұнына өзгерістер енгізу және жоспарлау; OН5 -Математикалық аппараттарды қолдану және математикалық ойлауды көрсету арқылы қолданбалы математикалық есептерді шешу. ОН6 -Жүргізілген математикалық және қолданбалы зерттеулердің нәтижесін зерттелген құбылыстың пәндік саласы тұрғысынан көрсетілген нақты ұсыныстар түрінде жеткізе білу. OН7 -Математиканы оқытудың инновациялық технологияларын, пәндік дағдыларды қалыптастыру әдістерін, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын қалыптастыру әдістерін қолдану ОН8 -Кәсіби қызмет саласындағы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, информатика саласындағы міндеттерді тұжырымдай және іс жүзінде шеше білу, зерттеу қызметін табысты жүзеге асыру. OН9 -Желілік ресурстарды, бағдарламалық құралдарды қолдана отырып, компьютерлік жүйелерді жобалау және енгізу. ОН10 -Тәрбие жұмысының әдістемесін, білім берудің заманауи тұжырымдамаларын пайдалана отырып, білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру арқылы олардың мінез-құлқын басқару ОН11 -Зерттеу, кәсіпкерлік дағдыларын пайдалану және белгісіздік жағдайында жұмыс жасау дағдысы болу. ОН12 -Жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, ресми, бейресми, ақпараттық нысандарда кәсіби үздіксіз білім беруді жоспарлау. |