7M01530 Информатика
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
7M01530-Информатика |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7М01 Педагогикалық ғылымдар |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7М015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
М012 Информатика педагогтерін даярлау |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
120 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Көшбасшылық және оқыту мен зерттеуге интегративті тәсілге негізделген STEM білім беру саласындағы оқытудың заманауи қағидаттарына жауап беретін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті магистрлерді даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
«педагогика ғылымдарының магистрі» |
Кәсіби қызмет саласы |
- жоғары білім; - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы зерттеулермен айналысатын саласы болып табылады. |
Оқыту нәтижелері |
OН1. Тұлғааралық қарым-қатынаста, кәсіби қызметте, ғылыми мақалалар жазуда шет тілін білуін көрсету. OН2. Ғылымда оның дамуының қазіргі кезеңінде туындайтын негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау, ғылым философиясының ережелері мен категорияларына негізделген әртүрлі фактілер мен құбылыстарды бағалау. OН3. Педагогика ғылымының әдіснамасын, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігін пайдалану. OН4. Информатиканы оқыту процесінде қолданылатын теориялық және практикалық оқыту әдістерін, объектілердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оған қарсы әрекет ету әдістерін, білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану аспектілерін талдау. OН5. Студенттердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім берудегі заманауи үрдістерді, STEM-оқытудың ерекшеліктерін түсіну. OН6. 3D негізіндегі виртуалды шындық арқылы объектілермен өзара әрекеттесетін қолданбаларды әзірлеу. OН7. Роботтарды жасау және бағдарламалау дағдылары мен ебдейліктерін қалыптастыру, бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалауда берік дағдыларға ие болу. OН8. Болашақ информатика мұғалімінің кәсіби даярлығының қазіргі жағдайына талдау жасау және оны даярлауға қойылатын заманауи талаптарды анықтау, білім беру жүйесін басқару тиімділігін арттыру және білім сапасын қамтамасыз ету үшін білім беруде үлкен деректерді талдау әдістерін қолдану. ОН9. Smart білім беруде инновациялық технологияларды пайдалану. ОН10. Түрлі мәселелерді шешу кезінде АТ мүмкіндіктерімен және үлкен деректермен жұмыс жасау, әдістер мен аппараттық және бағдарламалық құралдарды ақпаратты қорғау құралдарын таңдап, орынды пайдалану. |