6B01451 Еңбек технологиясы және сызу

 БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В01451-«Еңбек технологиясы және сызу»

Білім беру саласының коды және жіктелуі

6В01 Педагогикалық ғылымдар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В014 - Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В007-Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Білім беру мекемелерінде көркемдік, шығармашылық, ұйымдастыру-коммуникативтік іс-әрекеттерді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың теориясы мен тәжірибесін меңгерген көркемдік жұмыс және сызу пәні мұғалімдерін даярлау.

Берілетін дәреженің атауы

Білім бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

Кәсіби қызмет саласы білім беру саласы болып табылады.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Білім беру кеңістігіндегі ғылым негіздері ұғымдарының мәнін түсіндіру,  жоғары мектептің мәдени, тарихи, экологиялық және құқықтық тұжырымдамалары негізінде қоғамдағы кәсіби мәселелерді шешу жолдарын болжау және таңдау.Конец формы

 

ОН2 Көп тілді кеңістікте еркін қарым-қатынас жасау, сыни ойлау негізінде ақпаратты пайдалану қабілетіне  ие болу.

ОН3 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, академиялық адалдық пен әдептілікті қалыптастыру негізінде психологиялық-педагогикалық және зерттеушілік білімін көрсету, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени, кәсіби даму.

ОН4 Жалпы орта білім беру бағдарламасының жаңартылған мазмұнына сәйкес оқыту нәтижелері мониторингінінің жаңа формаларын, критериалды бағалау жүйесін қолдану.

ОН5 Бұйымды жобалау, модельдеу және құрастыруда шығармашылық және дизайнерлік қабілеттерін көрсету.

ОН6  Оқушылардың жеке қабілеттеріне сәйкес еңбек технологиясы және сызуды оқытуда инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдану.

ОН7 Болашақ еңбек технологиясы және сызу мұғалімдерін дайындық бағыты бойынша заманауи техникалық-технологиялық, конструкторлық-технологиялық құзыреттіліктерді меңгеру.

ОН8 Білім беру мекемелеріндегі еңбек технологиясы және сызу мұғалімінің қызметі туралы, оқушылардың физиологиялық ерекшеліктері мен инклюзивті білім беру туралы түсінік.

ОН9 Кәсіби-технологиялық даярлық бағытына және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіби қабілетін көрсету, педагогикалық іс-әрекетте өзін-өзі тану және өзін-өзі жүзеге асыру процесін басқара білу.

ОН10 Еңбек технологиясы және сызуды оқыту мазмұнындағы ақпаратты визуализациялау идеясына негізделген көркемдік білімдерін көрсету;

ОН11 Зерттеушілік, кәсіпкерлік  дағдыларды және  стандартты емес жағдайларда жұмыс істеу дағдыларын тәжірибеде қолдану.

ОН12 Жеке және команда мүшесі ретінде жұмыс жасауға қабілетті, түрлі әдістерге сүйене отырып өз көзқарастарын дұрыс қорғайды, өз іс-әрекеттерін негіздейді  және нақты дәделдейді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.