6B11150 Спорттық менеджмент, тынығу және жаттықтырушылық қызметі

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6B11150 Спорттық менеджмент, тынығу және жаттықтырушылық қызметі

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6B11  Қызмет көрсету

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В111  Қызмет көрсету саласы

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

6В092 Тынығу

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Заманауи жаңа құзыреттіліктер, құралдар және басқару қызметінің әдіс-амалдарын меңгерген спорттық-тынығу іс-шараларының маман-менеджерлерін және таңдаған спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету.

Берілетін дәреженің аталуы

Қызмет көрсету саласы бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

-  Әлеуметтік сала;

-  Дене шынықтыру және спорт саласы;

-  Жаттықтырушылық қызмет;

Оқыту нәтижелері

ОН1 Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде тілдік құралдарды пайдалана отырып, тұлға аралық, мәдениет аралық және кәсіби коммуникацияларды жүзеге асыру, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптерін түсіну.

ОН2 ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің негізгі ережелерін, спорт және дене тәрбиесін басқару саласындағы халықаралық - құқықтық құжаттарды қолдану.

ОН3 Жаттығушылардың физикалық жүктемелерін, физикалық қабілеттерін және функционалдық жағдайын анықтау үшін медициналық-биологиялық параметрлерді бағалау.

ОН4 Спортты басқару саласындағы білім негізінде спорттық ұйымдарды, кәсіпорындар мен жобаларды, спорттық ұйымның брендін тиімді басқару.

ОН5  Басқару шешімдерін іске асыру, ұйымдастыру, басқару саласында зерттеулер жүргізу.

ОН6 Дене шынықтыру-спорттық қызметтер мен тауарларды дамыту бойынша маркетингтік қызметті жүзеге асыру үшін маркетинг саласы бойынша зерттеулер әдістемесін меңгеру.

ОН7 Білім алушылардың психикалық және жыныстық  жас ерекшеліктерінің  даму заңдылықтарын ескере отырып, жаттығу процесін және спорттық оңалтуды (массаж) ұйымдастыру және басқару кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

ОН8 Кәсіби қызметте цифрлық технологияларды қолдану.

ОН9 Дене шынықтыру-спорт ғимараттарына, жабдықтар мен құралдары және қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптарды ескере отырып, дене салмағын басқару технологиясы және тамақтану мәселелері негізінде өмір сүру барысында  әртүрлі контингенттер үшін бұқаралық спорттық іс-шаралар мен сауықтыру жаттығулары бағдарламаларын іске асыру.

ОН10 Дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық және әдістемелік білім арқылы жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізе отырып, қатысушылардың физикалық, техникалық, тактикалық және моральдық-еріктік дайындығын дамыту.

ОН11 Жеке тұлға ретінде және топ мүшесі ретінде нәтижелі жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, өз іс-әрекетін түзетіп отыру және әртүрлі әдістерді қолдану.

ОН12 Салауатты өмір салтын нсихаттау бойынша бұқаралық ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

ОН13 Кәсіби қызметте жаратылыстану, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және медициналық-биологиялық білімді, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдану.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.