7M07133 Көлік жүйелерінің логистикасы
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
7М07133 – Көлік жүйелерінің логистикасы |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7М07 – Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7М071 – Инженерия және инженерлік іс |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
М104 Көлік, көліктік техника және технология |
Оқыту тілі |
қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
120 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Көлік логистикасы саласындағы бәсекеге қабілетті магистрлерді және еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін және кәсіби қызметте оңтайлы шешім қабылдауға қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
Осы БББ сәтті аяқтағаннан кейін бітірушіге «7М07133 - Көлік жүйелері-нің логистикасы» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымда-рының магистрі дәрежесі беріледі. |
Кәсіби қызмет саласы |
- көлік қызметтері; - ғылым; - білім беру. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Іскерлік жазбаша және ауызша сөйлеуді еркін меңгеру дағдыларын пайдалана отырып, ғылыми-кәсіби қызметте, көпшілік алдында сөйлеуде шет тілінде сенімді қарым-қатынас жасау. ОН2 Ғылым философиясының ережелері мен категориялары негізінде ғылымдағы негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді талдау және құрылымдау. ОН3 Жоғары мектептің инновациялық білім беру технологияларын және академиялық адалдық дағдыларын пайдалана отырып, ғылыми - кәсіби қызметте ғылыми зерттеулер әдіснамасын қолдану. ОН4 Экономикалық-математикалық әдістерді, модельдерді және логистикалық процестерді модельдеуді қолдана отырып, көлік-логистикалық жүйелерді жобалау. ОН5 Өндірістік процестерді оңтайландыруға ықпал ететін ұжымда психологиялық климат құру үшін ұйымдағы әлеуметтік-психологиялық жағдайларды және басқару қызметінің ерекшеліктерін талдау. ОН6 Кәсіпорындар мен саланың бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін логистикалық стратегияларды, инновациялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, озық IT-технологияларды, цифрландыру мен геймификацияны, сондай-ақ көлік логистикасында брендті қалыптастыру қағидаттарын әзірлей отырып, кешенді маркетингтік зерттеулер жүргізу. ОН7 Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін, оның ішінде жоғары жылдамдықты магистральдарға (ЖЖМ) қызмет көрсету және сенімді пайдалануды қамтамасыз ету кезінде инженерлік есептеулердің ғылыми және кәсіби білімдерін, іскерліктері мен әдістерін қолдану. ОН8 Өндірістік процестерді оңтайландыру, Көлік қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, экологиялық қауіпсіздікті және көлік инфрақұрылымының экономикалық тиімділігін арттыру үшін кәсіби міндеттердің шешімдері мен оларға қол жеткізу құралдарын ұсыну. |