7M07130 Көлік, көліктік техника және технологиялар

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7М07130 – Көлік, көліктік техника және технологиялар

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М07 – Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7М071 – Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М104

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Автокөлік саласында терең педагогикалық және ғылыми даярлығы бар жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылыми-зерттеу секторы үшін құзыретті кадрлар даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

Осы БББ сәтті аяқтағаннан кейін бітірушіге 7М07130 – Көлік, көліктік техника және технологиялар білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі  дәрежесі  беріледі.

Кәсіби қызмет саласы

- білім;

- ғылым;

- басқарма.

Оқыту нәтижелері

ОН1. Ғылыми-оқытушылық және өндірістік қызметте шет тілін кәсіби деңгейде қолдану.

ОН2. Ғылымда оның дамуының қазіргі кезеңінде туындайтын негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау, ғылым философиясының ережелері мен категорияларына негізделген әртүрлі фактілер мен құбылыстарды бағалау.

ОН3. Тұлғааралық қатынастарды талдау және басқару қызметінің мәселелерін шешу, ұжымды дұрыс ынталандыру және топтық жұмысты тиімді құру.

ОН4. Әр түрлі әдістерді, формалар мен технологияларды қолдана отырып, таңдалған кәсіби салада ғылыми-оқытушылық қызметті жүзеге асыру.

ОН5. Автокөлік кәсіпорнының техникалық қызметінің өндірістік қуатын оңтайландыру, сенімділікті болжау және бағалау, сондай-ақ көлік техникасын жаңғырту міндеттерін шешу.

ОН6. Заманауи әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, көлік техникасын тиімді пайдалануды (оның ішінде ерекше өндірістік және әлеуметтік жағдайларда) ұйымдастыру.

ОН7. Көлік жүйелерін ұйымдастыру, жоспарлау және экологиялық қауіпсіздік саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін заманауи ақпараттық және зияткерлік технологияларды, математикалық модельдер мен әдістерді пайдалану.

ОН8. Көлік саласы кәсіпорындарының материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін ескере отырып, басымдықтарды айқындау және көлік міндеттерін шешу.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.