7M05310 Физика

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7М05310-Физика

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М05 Жаратылыстануғылымдары, математика және статистика

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7М053 – Физикалық және химиялық ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

M090 – Физика

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 -

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 -

БББ мақсаты

Білім беру бағдарламасының мақсаты: ғылыми, инновациялық және білім беру қызметін жүзеге асыратын, қойылған міндеттерді шешудің әдістері мен құралдарын таңдауға қабілетті, эксперименттік және қолданбалы физика мен білім беру саласында концептуалды білімі бар жоғары білікті, бәсекеге қабілетті магистрлерді дайындау.

Берілетін дәреженің аталуы

«Жаратылыстану ғылымдарының магистрі»

Кәсіби қызмет саласы

-эксперименталды және қолданбалы физика;

- білім беру саласы;

- ғылым мен инновация саласы.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Ғылымның тарихы мен философиясы, сондай-ақ физика саласындағы білімді пайдалана отырып, кешенді зерттеулерді, оның ішінде пәнаралық зерттеулерді жобалауға және жүзеге асырады.

ОН2 Кәсіби және ғылыми қызметтің міндеттерін шешу үшін, сондай-ақ ұжымның оңтайлы жұмысына ықпал ететін психологиялық климат құру мақсатында шет тіліндегі коммуникацияның заманауи әдістері мен технологияларын дербес қолданады.

ОН3 Психологиялық талдауға, ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге және менеджердің өзінің басқару функцияларын жүзеге асыруады.

ОН4 Инновациялық және цифрлық технологияларды, оқытудың интерактивті әдістерін және шетелдік ғалымдардың тәжірибесін қолдана отырып, сондай-ақ эксперименттік және қолданбалы физика саласындағы заманауи зерттеулердің нәтижелерін пайдалана отырып, кәсіби деңгейде оқытушылық қызметті жүзеге асырады.

ОН5 Конденсацияланған күй физикасының эксперименттік әдістерін қолдана отырып, металдар мен қорытпалардың, беттер мен жұқа пленкалардың құрылымын, құрамын және физикалық қасиеттерін анықтай алады.

ОН6 Физика саласындағы ғылыми зерттеулердің нақты міндеттерін дербес қоя алады, оларды отандық және шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, зерттеудің физикалық әдістері мен цифрлық технологиялардың көмегімен шеше алады.

ОН7 Баламалы көздердің энергиясын электр энергиясына түрлендіретін қондырғылардың параметрлерін анықтай отырып, шетелдік ғалымдардың тәжірибесін пайдалана отырып, баламалы көздердің энергиясын электр энергиясына алу және түрлендіру әдістерін қолданады.

ОН8 Материалдар мен олардан жасалған бұйымдардың қасиеттерін диагностикалау үшін заманауи аспаптық әдістерді қолданады.

ОН9 Әр түрлі әдістердің мүмкіндіктерін ескере отырып, материалдардың қасиеттерін, сипаттамалары мен параметрлерін анықтау үшін құрылымдық талдау әдістерін қолданады.

ОН10 Материалтанудың физикалық негіздері саласында дербес ғылыми зерттеулерді орындау дағдыларын көрсету, оның дамуының қазіргі тенденцияларын талдайды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.