7M11210 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7М11210 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М11 Қызмет көрсету

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7М112 - Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М150 - Санитарлы-профилактикалық іс-шаралар

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында тереңдетілген ғылыми және педагогикалық даярлығы бар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу секторы үшін құзыретті кадрларды даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

Осы БББ сәтті аяқтағаннан кейін бітірушіге 7М11210 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша  қызмет көрсету саласы  ғылымдарының магистрі  дәрежесі  беріледі.

Кәсіби қызмет саласы

- тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау,

- ғылым

- білім беру

Оқыту нәтижелері

ОН1 - Тұлғааралық қарым-қатынаста, кәсіби қызметте, ғылыми мақалалар жазуда шет тілін білуін көрсету.

ОН2 - Ғылымда оның дамуының қазіргі кезеңінде туындайтын пәнаралық сипаттағы негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді талдау, ғылым философиясының ережелері мен категорияларына негізделген әртүрлі фактілер мен құбылыстарды бағалау.

ОН3 - Ұйымдағы персоналдың дамуы мен тиімді пайдаланылуын бағалау, бұқаралық мінез-құлықты басқарудың әлеуметтік-психологиялық технологияларын меңгеру.

ОН4 - Кәсіптік-педагогикалық мәдениет негіздерін, жалпы педагогикалық дағдыларды, жоғары мектеп педагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздерін меңгеру.

ОН5 - Еңбекті қорғауды, техносфералық қауіпсіздікті басқару жүйесіндегі қауіптерді талдау және тәуекелдерді мониторингтеу әдістерімен қауіпті жағдайлар мен төтенше жағдайлардың ықтималдығын айқындау.

ОН6 - Басқарушылық тәсіл мен логикалық ойлауды көрсете отырып, стандартты емес жағдайларда жедел техникалық шешімдер қабылдау.

ОН7 - Әртүрлі еңбек жағдайларында инженерлік, ғылыми-әдістемелік ұйымдастыру жұмыстарын өз бетінше орындауға, қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан өндірістік процестерге сараптама жүргізу;

ОН8 - Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, нормативтік құжаттарға сәйкес табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі негізгі техникалық және ұйымдастырушылық шараларды сақтау мәселелерін қамтамасыз ету және сауатты шешу.

ОН9 - Өнеркәсіптік және өндірістік объектілерде жазатайым оқиғалардың және кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі өндірістегі еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындау бойынша талдау және аудит жүргізу.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.