7M11210 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
7М11210 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7М11 Қызмет көрсету |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7М112 - Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
М150 - Санитарлы-профилактикалық іс-шаралар |
Оқыту тілі |
қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
120 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында тереңдетілген ғылыми және педагогикалық даярлығы бар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу секторы үшін құзыретті кадрларды даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
Осы БББ сәтті аяқтағаннан кейін бітірушіге 7М11210 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласы ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі. |
Кәсіби қызмет саласы |
- тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, - ғылым - білім беру |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 - Тұлғааралық қарым-қатынаста, кәсіби қызметте, ғылыми мақалалар жазуда шет тілін білуін көрсету. ОН2 - Ғылымда оның дамуының қазіргі кезеңінде туындайтын пәнаралық сипаттағы негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді талдау, ғылым философиясының ережелері мен категорияларына негізделген әртүрлі фактілер мен құбылыстарды бағалау. ОН3 - Ұйымдағы персоналдың дамуы мен тиімді пайдаланылуын бағалау, бұқаралық мінез-құлықты басқарудың әлеуметтік-психологиялық технологияларын меңгеру. ОН4 - Кәсіптік-педагогикалық мәдениет негіздерін, жалпы педагогикалық дағдыларды, жоғары мектеп педагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздерін меңгеру. ОН5 - Еңбекті қорғауды, техносфералық қауіпсіздікті басқару жүйесіндегі қауіптерді талдау және тәуекелдерді мониторингтеу әдістерімен қауіпті жағдайлар мен төтенше жағдайлардың ықтималдығын айқындау. ОН6 - Басқарушылық тәсіл мен логикалық ойлауды көрсете отырып, стандартты емес жағдайларда жедел техникалық шешімдер қабылдау. ОН7 - Әртүрлі еңбек жағдайларында инженерлік, ғылыми-әдістемелік ұйымдастыру жұмыстарын өз бетінше орындауға, қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан өндірістік процестерге сараптама жүргізу; ОН8 - Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, нормативтік құжаттарға сәйкес табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі негізгі техникалық және ұйымдастырушылық шараларды сақтау мәселелерін қамтамасыз ету және сауатты шешу. ОН9 - Өнеркәсіптік және өндірістік объектілерде жазатайым оқиғалардың және кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі өндірістегі еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындау бойынша талдау және аудит жүргізу. |