8D07150 Электрэнергетика

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

8D07150 Электрэнергетика

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

8D071 Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

D099 Энергетика және электр техникасы

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

180 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 

БББ мақсаты

Ғылыми зерттеулер мен энергетикалық өндірісті басқарудың практикалық дағдыларымен білім, корпоративтік интеллект және адамгершілік әлеует үйлесіміне негізделген жүйелі және стратегиялық ойлауды көрсететін құзыретті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.

Берілетін дәреженің аталуы

PhD философия докторы

Кәсіби қызмет саласы

·     энергетикалық бөлімшелердегі өндірістік-технологиялық қызмет;

·      Білім және ғылым министрлігінің, Энергетика министрлігінің, ҚР ЭМ атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің; индустриялық даму комитетінің, әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелеріндегі ұйымдастыру-басқару қызметі;

·     қазіргі білім беру кеңістігіндегі, ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі ғылыми-зерттеу қызметі; 

·     қазіргі білім беру кеңістігіндегі, ғылыми орталықтардағы, зертханалардағы эксперименттік-зерттеу қызметі; 

·     жоғары оқу орындарының білім беру құрылымдарындағы педагогикалық қызмет;

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.12.2020 жылғы № 553 бұйрығымен бекітілген басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес конструкторлық, жобалау ұйымдарында және өндірісте жұмыс өтіліне талаптар қойылмай жобалау-конструкторлық қызмет.

Оқыту нәтижелері

ОН1. Ғылыми жазу және ғылыми коммуникация дағдыларын қолдана отырып, ұлттық немесе халықаралық деңгейде жарияланымдар мен баяндамалар түрінде электр энергетикасының өзекті мәселелерін зерттеу нәтижелерін ұсыну;

ОН2. Ғылым түралы заманауи әдістерін қолдана отырып, электр энергетикалық кешеннің тұрақсыз күйін ғылыми, эксперименттік және теориялық зерттеудің кешенді үрдісін жүзеге асыру және түзету;

ОН3. Аумақтардың энергетикалық қауіпсіздігін бағалау әдістеріне және зияткерлік энергетикалық жүйелерді басқарудың қазіргі заманғы тәсілдеріне сүйене отырып, электротехникалық кешендер мен жүйелерді тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

ОН4. Статистикалық өңдеудің компьютерлік әдістерін қолдана отырып, зерттеу нәтижелерін жоспарлау мен болжаудың әртүрлі ғылыми теорияларын, аналитикалық және эксперименттік ғылыми қызметін сыни тұрғыдан талдау;

ОН5. Әріптестермен, кең ғылыми қоғамдастықпен және жалпы қоғаммен қарым-қатынас жасау арқылы өзінің кәсіби білім саласына байланысты тақырыптарда білім беру және өндірістік ортада кәсіби-педагогикалық коммуникацияларды көрсету;

ОН6. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтің өндірістік міндеттерін шешу кезінде жергілікті объектілерді энергиямен қамтамасыз етудің заманауи жүйелерін жобалаудың техникалық және технологиялық шешімдерін құру және ғылыми негіздеу;

ОН7. Электр энергетикасы нысандарының жұмысын оңтайландыру мақсатында энергияны өндіру, бөлу және тұтыну тәсілдерін болжау мен жетілдірудің зияткерлік ақпараттық-коммуникациялық технологиялары мен математикалық модельдерін қолдану;

ОН8. Тәуекелдерді бағалау және кез келген күрделіліктегі электрмен жабдықтау жүйелерінің жұмыс режимдерін модельдеу сатысында әзірленіп жатқан жаңа технологиялардың, Электр энергетикасы нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындау;

ОН9. Енгізілуі елдің электр энергетикасын дамытуға елеулі үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, экономикалық және технологиялық шешімдерді баяндау.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.