8D07150 Электрэнергетика
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
8D07150 Электрэнергетика |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
8D071 Инженерия және инженерлік іс |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
D099 Энергетика және электр техникасы |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
180 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
|
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
|
БББ мақсаты |
Ғылыми зерттеулер мен энергетикалық өндірісті басқарудың практикалық дағдыларымен білім, корпоративтік интеллект және адамгершілік әлеует үйлесіміне негізделген жүйелі және стратегиялық ойлауды көрсететін құзыретті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
PhD философия докторы |
Кәсіби қызмет саласы |
· энергетикалық бөлімшелердегі өндірістік-технологиялық қызмет; · Білім және ғылым министрлігінің, Энергетика министрлігінің, ҚР ЭМ атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің; индустриялық даму комитетінің, әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелеріндегі ұйымдастыру-басқару қызметі; · қазіргі білім беру кеңістігіндегі, ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі ғылыми-зерттеу қызметі; · қазіргі білім беру кеңістігіндегі, ғылыми орталықтардағы, зертханалардағы эксперименттік-зерттеу қызметі; · жоғары оқу орындарының білім беру құрылымдарындағы педагогикалық қызмет; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.12.2020 жылғы № 553 бұйрығымен бекітілген басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес конструкторлық, жобалау ұйымдарында және өндірісте жұмыс өтіліне талаптар қойылмай жобалау-конструкторлық қызмет. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1. Ғылыми жазу және ғылыми коммуникация дағдыларын қолдана отырып, ұлттық немесе халықаралық деңгейде жарияланымдар мен баяндамалар түрінде электр энергетикасының өзекті мәселелерін зерттеу нәтижелерін ұсыну; ОН2. Ғылым түралы заманауи әдістерін қолдана отырып, электр энергетикалық кешеннің тұрақсыз күйін ғылыми, эксперименттік және теориялық зерттеудің кешенді үрдісін жүзеге асыру және түзету; ОН3. Аумақтардың энергетикалық қауіпсіздігін бағалау әдістеріне және зияткерлік энергетикалық жүйелерді басқарудың қазіргі заманғы тәсілдеріне сүйене отырып, электротехникалық кешендер мен жүйелерді тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу; ОН4. Статистикалық өңдеудің компьютерлік әдістерін қолдана отырып, зерттеу нәтижелерін жоспарлау мен болжаудың әртүрлі ғылыми теорияларын, аналитикалық және эксперименттік ғылыми қызметін сыни тұрғыдан талдау; ОН5. Әріптестермен, кең ғылыми қоғамдастықпен және жалпы қоғаммен қарым-қатынас жасау арқылы өзінің кәсіби білім саласына байланысты тақырыптарда білім беру және өндірістік ортада кәсіби-педагогикалық коммуникацияларды көрсету; ОН6. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтің өндірістік міндеттерін шешу кезінде жергілікті объектілерді энергиямен қамтамасыз етудің заманауи жүйелерін жобалаудың техникалық және технологиялық шешімдерін құру және ғылыми негіздеу; ОН7. Электр энергетикасы нысандарының жұмысын оңтайландыру мақсатында энергияны өндіру, бөлу және тұтыну тәсілдерін болжау мен жетілдірудің зияткерлік ақпараттық-коммуникациялық технологиялары мен математикалық модельдерін қолдану; ОН8. Тәуекелдерді бағалау және кез келген күрделіліктегі электрмен жабдықтау жүйелерінің жұмыс режимдерін модельдеу сатысында әзірленіп жатқан жаңа технологиялардың, Электр энергетикасы нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындау; ОН9. Енгізілуі елдің электр энергетикасын дамытуға елеулі үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, экономикалық және технологиялық шешімдерді баяндау. |