8D07170 Органикалық заттардың химиялық технологиясы
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
8D07170 Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
8D071 Инженерия және инженерлік іс |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
D097 Химиялық инженерия және процестер |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
180 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
|
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
|
БББ мақсаты |
Идеяларды тудыруға, ғылыми, білім беру және күрделі өндірістік процестерді жүзеге асыруға және басқаруға, бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
PhD философия докторы |
Кәсіби қызмет саласы |
Органикалық заттар өндіретін, мұнай, газ, көмір және полимерді, эластомерлерді, лак-бояу материалдарын өңдейтін кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу және жобалық салалық институттар, оқу орындары және т.б. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1. Жүргізілетін іргелі зерттеулер мен технологиялықжобаларды ғылыми, патенттік және маркетингтік қолдау мақсатында жаңа күрделі идеяларды сыни талдауға, бағалауға және синтездеуге арналған арнайы білімдерді пайдалану. ОН2. Химиялық инженерия саласында жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және кәсіби практиканы қолдана отырып, бар білімді кеңейту; ғылыми және білім беру саласындағы инновацияларды дамыту және қолдану. ОН3. Алынған өнімдерді коммерциализациялай отырып ғылыми зерттеулерді іске асырудың тиімді алгоритмдерін ұйымдастыру, жоспарлау және таңдау. ОН4. Кәсіби пікірталастарға ауызша немесе жазбаша түрде қатысу, халықаралық академиялық басылымдарда зерттеу нәтижелерін жариялау. ОН5. Идеяларды қалыптастыру, инновациялық қызмет нәтижелерін болжау, кәсіби және әлеуметтік саладағы кең ауқымды өзгерістерді жүзеге асыру, күрделі өндіріс пен ғылыми процестерге жетекшілік ету. ОН6. Жаңа білімдерді зерттеу жұмыстарының маңызды өнімдеріне айналдыра отырыпалған білімдерді инновациялық технологияларға пайдалану. ОН7. Көшбасшылық және ұжымды басқару, командамен жұмыс істеу дағдыларын игеру, төзімділік пен басқаларға құрмет көрсету және халықаралық ортада өнеркәсіптік немесе қолданбалы іс-әрекеттерді жүзеге асыру. ОН8. Бейіндік пәндерді оқыту және білім алушының ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік ету үшін заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелерін бейімдеу және қорыту. |