6B08130 Өсімдік қорғау және карантин

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В08130- Өсімдік қорғау және карантин 

 

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В08-  Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В081- Агрономия

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

 В077-  Өсімдік шаруашылығы

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 -

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 -

БББ мақсаты

Ауылшаруашылық саласында теориялық және тәжірибелік дағдыларды іс жүзінде меңгерген, өсімдікті қорғау және карантин саласында арнайы инновациялық әдістер мен құралдарды жетік білетін бакалаврларды дайындау.

Берілетін дәреженің аталуы

«Ауылшаруашылық бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

· республикалық, облыстық, аудандық мемлекеттік агроөндірістік кешен;

· акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, ауылшаруашылық бағытындағы фирмалар;

· фермерлік, жеке, ұжымдық шаруашылықтар;

· ауылшаруашылық саласындағы ғылымитәжірибелік-зерттеу мекемелері;

· өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу мекемелері;

· карантиндік қызметтер.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Аурулардың болуына және биохимиялық әдістерін қолдана отырып зиянкестермен күресу мен олардың алдын алу және залалсыздандыру бойынша агротехникалық жұмыстар жүргізуге дайындығына  қарай егіс алқаптарын диагностикалайды

ОН2 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, әлеуметтік - мәдени, кәсіби дамуды, ғылыми және эксперименттік зерттеулердің, әдістерін көрсету. 

ОН3 Ғылыми зерттеулердің химиялық биологиялық және агротехникалық әдістерінің технологиялары мен оларды талдау бойынша отандық және шет елдік ақпарат көздерін жинау негізінде ғылыми зерттеулер жүргізеді, тәжірибе нәтижелерін статистикалық өңдеуді пайдаланады және қорытындыларды тұжырымдайды.

ОН4 Екпелердің арамшөптермен ластануын, сондай-ақ зиянкестер және аурулармен зақымдалуын есепке алып, ауылшаруашылық техникаларының механизмдері мен жүйелерін және дақылдарды өсіру мен жинау технологияларын тиімді пайдалана отырып, дақылдарды зиянды ағзалардан қорғаудың кешенді шараларын әзірлейді. 

ОН5 Ауылшаруашылық нарықтарында өсімдік шаруашылығы өнімдері мен ауылшаруашылық өндірісін химияландыру өнімдеріне маркетингтік және коммерциялық зерттеулер жүргізеді.

ОН6 Ауыл шаруашылығы дақылдарының, екпелердің фитосанитарлық жағдайын сапалы түрде карантиндік сараптама жүргізеді және бағалайды, өсімдік шаруашылығы өнімдерін тиімді сақтау үшін диагностикалық картаға сәйкес карантинге жатқызылған өнімдерді залалсыздандырудың заманауи әдістерін қолданады.

ОН7 Ақпаратты талдау мен қабылдау, тәжірибелердің статистикалық нәтижелерін жалпылау және қорытындыларды тұжырымдау арқылы зерттеу мақсаттарын өз бетінше анықтау және оған жету жолдарын таңдай білу арқылы ақпараттық, есептеу және цифрлық сауаттылыққа ие болады.

ОН8 Өсімдіктердің физиологиялық жағдайын, сорттар мен будандарды  өсірудің топырақ-климаттық жағдайларына қарай бағалай отырыпбейімделу әлеуетін, өсімдіктердің өсуі мен дамуын жақсарту және жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдерін алу, өңдеу және сақтау факторларын анықтайды.

ОН9 Жер бедерін, жер асты суларының деңгейін, қолданылатын тыңайтқыштарды және топырақ өңдеу машиналарын ескеріп, ауыл шаруашылығындағы озық тәжірибеге сүйене отырып,ауыспалы егіс дақылдары үшін топырақты өңдеудің инновациялық жүйелерін тиімді қолданады. 

ОН10 Академиялық адалдық пен әдептілік принциптерін ескере отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін қарым-қатынас жасау.

ОН11 Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру үшін олардың өсуі, дамуы мен өнімнің сапасына метеорологиялық факторлардың әсері мен басқа да жақсарту факторларын анықтай отырып, физиологиялық жай-күйі мен морфологиялық белгілеріне сүйеніп, дақылдардың сорттарын таңдауды дәйекті негіздейді.

ОН12 Жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істейді, өз іс-әрекеттерін өз бетінше білім алу және салауатты өмір салтын жүргізу дағдыларын көрсете отырып түзетеді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.