6B08140 Жеміс-көкөніс шаруашылығы

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В08140-Жеміс- көкөніс шаруашылығы

 

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В08 - Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

 

6В081– Агрономия

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В077- Өсімдік шаруашылығы

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 -

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 -

БББ мақсаты

Қоғамның жоғары білікті мамандарға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеміс және көкөніс шаруашылығы саласында терең білімді, бәсекеге қабілетті бакалаврлар дайындау.

Берілетіндәреженіңаталуы

«Ауылшаруашылық бакалавры»

Кәсібиқызмет саласы

- республикалық, облыстық, аудандық мемлекеттік агроөндірістік кешен;

- акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, ауылшаруашылық бағытындағы фирмалар;

- фермерлік, жеке, ұжымдық шаруашылықтар;

- жеміс және көкөніс шаруашылығы саласындағы ғылыми тәжірибелік-зерттеу мекемелері;

- жеміс және көкөніс шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу мекемелері

Оқыту нәтижелері

ОН1 Академиялық адалдық пен әдептілік принциптерін ескере отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін қарым-қатынас жасау.

ОН2 Жеміс-көкөніс дақылдарының топырақтарын зерттеу әдістерін қолданады және жеміс-жидек және егіс айналымын, жердің экспозициясын, жер асты суларының деңгейін, тыңайтқыштар кешенін және қолданылатын ауыл шаруашылығы техникасын ескере отырып, өсімдіктерді зиянды организмдерден химиялық және биологиялық қорғау жүйесін жасайды.

ОН3 Топырақ түзуші процестерді зерттейді және олардың егіншіліктегі химиялық өзгерістерін реттейді, жеміс-көкөніс өсімдіктерінің өнімді бөліктеріндегі органикалық заттарды, сондай-ақ олардың бүкіл вегетациялық және онтогенезде жиналуын анықтайды.

ОН4 Жас бақ салу және жеміс бақшасын күтіп-баптау, көкөніс дақылдарын әртүрлі жеміс ауыспалы егістерінде өсіру, оның ішінде заманауи жылыжай кешендеріндегі жұмыс процестерін автоматтандыруды қолдану бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және бақылайды.

ОН5 Жеміс-көкөніс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиялары бойынша отандық және шетелдік әдеби дереккөздерден мәліметтерді жинақтау және оларды тиісті әдістер бойынша талдау негізінде ғылыми зерттеулер жүргізе алады, тәжірибе нәтижелерін статистикалық өңдеуді жалпылап, қорытындыларды тұжырымдай алады. 

ОН6 Жеміс-көкөніс дақылдарының морфо-физиологиялық белгілеріне сүйене отырып, бауларда өндірілетін сорттарды негіздеп, жинап алады. Өнімнің пісіп-жетілуі мен сапасына метеофакторлардың әсерін жалпыға бірдей қабылданған техникалық-құқықтық құжаттармен сәйкестігін анықтайды.

ОН7 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік-экономикалық жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуын көрсетеді.

ОН8 Жеміс-көкөніс және ауыл шаруашылығы өндірісін химияландыру өнімдерінің ауыл шаруашылығы нарықтарында маркетингтік және коммерциялық зерттеулерді жүзеге асырады.

ОН9 Ақпаратты талдау мен қабылдау, тәжірибелердің статистикалық нәтижелерін жалпылау және қорытындыларды тұжырымдау арқылы зерттеу мақсаттарын өз бетінше анықтау және оған жету жолдарын таңдай білу арқылы ақпараттық, есептеу және цифрлық сауаттылыққа ие болады.

ОН10 Жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істейді, өз іс-әрекеттерін өз бетінше білім алу және салауатты өмір салтын жүргізу дағдыларын көрсете отырып түзетеді.

ОН11 Жеміс-көкөніс дақылдарын жинау деңгейі мен сапасын бағалайды; осы бағыттағы заманауи әдістер мен ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, өнімді сақтау және алғашқы өңдеу әдістерін анықтайды.

ОН12 Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі белгісіздік жағдайында зерттеулерді, кәсіпкерлік дағдылар мен тәжірибені қолданады.

ОН13 Жеміс-көкөніс дақылдары мен жүзімдерді жер пайдалану аумағында орналастыру кезінде агроландшафтық жағдайлардың талаптарына сәйкестігін таниды.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.