6B08610 Су ресурстары және суды пайдалану

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В08610 Су ресурстары және суды пайдалану

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

 

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В086 Су ресурстары және суды пайдалану

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В082 Су ресурстары және суды пайдалану

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Су ресурстары және суды пайдалану саласындағы бәсекеге қабілетті, әр түрлі су шаруашылығы және ауылшаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын және басқаратын түлектерді дайындау.

Берілетін дәреженің аталуы

«Ауылшаруашылығы бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

-  су шаруашылығы кәсіпорындары;

-  мемлекеттік-басқару ұйымдары;

-  жобалау ұйымдары;

-  су ресурстарын пайдалануды қадағалау және бақылау органдары;

-  су шаруашылығы объектілеріне аудит және мониторинг жүргізу ұйымдары;

Оқыту нәтижелері

ОН1 Су шаруашылығы объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су пайдалану жұмыстарының нәтижелерін талдау.

ОН2 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету.

ОН3 Академиялық бағдарламаларды меңгеру негізінде ақпараттық және есептеу сауаттылығына, әлеуметтік маңызды дағдылар мен құзыреттерге, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған қол жеткізу жолдарын таңдау қабілетіне ие болу.

ОН4 Гидрогеологиялық, гидрометриялық, геодезиялық ізденістер жүргізу, нәтижелерді өңдеу.

ОН5 Сумен жабдықтау, су бұру және суды тазарту жүйелерінің құрылыстары бойынша жобалар әзірлеу.

ОН6 Су ресурстарын интегралдық басқару қағидаттарын пайдалана отырып, су ресурстары мен объектілерінің  (трансшекаралық объектілерді қоса алғанда) жай-күйін  бағалауға қатысу.

ОН7 Жердің топырақтық-гидрологиялық жағдайларына қарай суару технологиясы мен оларға сәйкес машиналар мен жабдықтарды іріктеу, су шаруашылығын бағалау кезінде бизнес жоспарлар мен экономикалық есептеулер жүргізу дағдыларының болуы.

ОН8 Академиялық жазу және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, академиялық адалдық мәдениеті қағидаттарын ескере отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.

ОН9 Жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өзін-өзі тәрбиелеу және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын көрсету.

ОН10 Жобалау, зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу; гидротехникалық құрылыстар мен су шаруашылығы объектілерін салу және реконструкциялау жөніндегі ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаларды жоспарлау.

ОН11 Нормативтік-құқықтық құжаттамаларды ескере отырып, су шаруашылығы және гидроэнергетикалық объектілерді,  кешенді су тораптарын пайдалану және ұстау.

ОН12 Суландырылған жайылымдарда ағынды сулар мен бұрғылау ұңғымаларын тазалау бойынша ғимараттар мен құрылыстардың, технологиялық және қосалқы жабдықтардың техникалық жай-күйін диагностикалау.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.