6B08710 Аграрлық техника және технология

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В08710-Аграрлық техника және технология

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6B087 Агроинженерия

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В183  Агроинженерия

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Инженерлік бейіндегі жоғары білікті мамандарды дайындау, ауыл шаруашылығы саласындағы өндіріс және өнеркәсіп қажеттіліктерін ескере отырып, аймақтық еңбек нарығына қабілетті кәсіби міндеттерді шешу

Берілетін дәреженің аталуы

«Ауыл шаруашылығы бакалавр»

Кәсібиқызмет саласы

Әртүрлі ауылшаруашылық құрылымдары (фирмалар, кәсіпорындар, шаруа қожалықтары), жобалау және конструкторлық ұйымдар, машина-технологиялық станциялар (МТС), әлеуметтік-кәсіпкерлік кешендер (ӘКК), қайта өңдеу және жабдықтау кәсіпорындары мен зауыттар, ұйымның техникалық сервис ауыл шаруашылығы техникасын, автопарктер, аудандық, облыстық және республикалық органдары, ауыл шаруашылығын басқару (госслужба)саласы болып табылады.

 

Оқыту нәтижелері

ОН1 Өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге, жинауға, сақтауға және өңдеуге арналған  ауылшаруашылық техникаларының жаңа түрлері мен әмбебап машиналар шығарудың  біріктірілген заманауи әдістерін пайдаланады. 

ОН2 Операциялық жоспарларды, өндірістік кестелерді, шығын материалдары мен жабдықтарға сметалық және өтінімдерді ескере отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің және МТС-тің технологиялық процестерінің жұмысын ұйымдастыру. Агроөнеркәсіп кешенінің жаңа машиналарын сынақтан өткізуді біледі.

ОН3 Академиялық жазу және академиялық адалдық мәдениеті қағидаттарын ескере отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.

ОН4 Машина-трактор паркі жұмысын ұйымдастыру, инновациялық технологияларды енгізу және шаруашылық жүргізуші субъектілерді құру арқылы заманауи ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсетуді жоспарлай алады

 ОН5 Ауыл шаруашылығы өнімдерін жинауға арналған машиналарды жөндеуді, технологиялық, энергетикалық жабдықтарды құрастыруды, бөлшектеуді және реттеуді орындай алады.

ОН6 Жалпы инженерлік және техникалық ғылымдар пәндері бойынша іргелі, қолданбалы және пәнаралық білімді кәсіби қызметте қолдана алады.

ОН7 Ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын құрастыру бойынша ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаларды жоспарлай алады.

ОН8 Агроөнеркәсіп кешенінің қажеттіліктері үшін инновациялық техникалық құралдарды пайдалануды біледі

ОН9.  Жеке және топ құрамында тиімді жұмыс істеу, өзін-өзі тәрбиелеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын көрсету.

ОН10 Ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау, сақтау және өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу және пайдалану бойынша жұмыстарды жоспарлай алады.

ОН11 Аграрлық техника және технология саласында қолданылатын әдістер мен тәжірибелерге қойылатын негізгі талаптарды және ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қабілетін меңгереді.

ОН12 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.