6B05330 ХИМИЯЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯДАҒЫ ЗАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАРДЫ САРАПТАУ

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6B05330 Химиялық инженериядағы заттар мен материалдарды сараптау

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6B053 Физикалық және химиялық ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

B053 Химия

Оқыту тілі

қазақ, орыс

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Химиялық инженерия объектілерін сараптау саласындағы іргелі білімі мен практикалық дағдылары бар талапты бакалаврларды даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

«жаратылыстану бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

- ішкі істер органдарының ғылыми-зерттеу және сот-сараптамалық зертханалары және Әділет министрлігінің сараптама, кеден және сертификаттау қызметтері

- химия кәсіпорындарының, ғылыми-зерттеу институттарының зертханалары

- Қазақстан Республикасының аккредиттелген сынақ зертханалары

Оқыту нәтижелері

ОН1 Жеке және топ ретінде тиімді жұмыс жасау, өз көзқарасын дұрыс қорғау, аналитикалық және логикалық ойлауды көрсете отырып, проблемалық өндірістік жағдайларда тәуелсіз шешімдер қабылдау.

ОН2 Белгісіздік жағдайында зерттеу, кәсіпкерлік және жұмыс дағдыларын пайдалану; өмір бойы үздіксіз біліктілікті арттыру.

ОН3 Зерттеу мен сынау нәтижелерін өнімнің сапасын, процесстегі бұзушылықтарды бағалау үшін және нәтижені нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкестендіру үшін мәліметтерді өңдеудің математикалық әдістерін қолдана отырып талдау және түсіндіру.

ОН4 Ақпараттық және есептеу сауаттылығы болуы тиіс, ақпараттарды жалпылау, талдау және қабылдай алу, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай білу; кәсіби ортада және социумда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сұхбаттаса алу.

ОН5 Өнімдердің сапасын және химиялық инженерия процестерін бақылау үшін өнімдер мен процестердің сапасы мен қауіпсіздігін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, стандарттар мен әдістемелік құжаттаманы қолдану.

ОН6 Кәсіби қызметте жаратылыстану, математикалық, қоғамдық, тарихи, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және инженерлік білім мен дағдыларды, ғылыми зерттеу әдістерін қолдану.

ОН7 Табиғи және техногендік шикізатты қайта өңдеу заңдылықтарына негізделген өндірістің ұтымды технологиялық сызбасын таңдау, өндірістің қауіпсіздігін арттыру және экологиялық мәселелерді шешу бойынша шараларды жасаумен технологиялық процестер мен жабдықтарды есептеу.

ОН8 Сот-сараптама  қызметі саласындағы нақты жағдайларға қолданыстағы заңнаманы және өзге де құқықтық актілерді сауатты қолдану.

ОН9 Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша ұғымдармен еркін жұмыс істеу, қолданыстағы заңнаманы және басқа да құқықтық актілерді сот-сараптама қызметі саласындағы нақты жағдайларға сауатты қолдану.

ОН10 Қоғам дамуының заңдылықтары, қазақ мемлекеттілігі туралы білімді меңгеру, дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, Академиялық адалдық пен әдептілікті қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени дамуды көрсету.

ОН11 Химиялық өнімдер, құрылыс және тоқыма материалдар өндірісінің қазіргі жағдайын сыни тұрғыдан бағалау, ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне негізделген қолданыстағы және жаңа технологиялық үдерістерді жетілдірудің жолдарын талдау және таңдау. 

ОН12 Сынақ және бақылау-өлшеу жабдықтарын қолдана отырып, эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және орындау, аспаптардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету, қорытындылар жасау, сынақ нәтижелері бойынша есеп беру құжаттамасын жасау.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.