6B07160 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6B07160 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6B071 Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

B060 Химиялық инженерия және процестер

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Химиялық инженерия саласында іргелі теориялық және тәжірибелік білімдер, әдістер және құралдармен қаруланған   бәсекеге қабілетті бакалаврларды дайындау.

Берілетін дәреженің аталуы

«техника және технологиялар бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

  • минералдық табиғи және техногендік шикізатты қайта өңдеу жөніндегі химиялық кәсіпорындар
  • электрохимиялық және электротермиялық өндірістер
  • тау-кен байыту комбинаттары
  • зауыттық және ғылыми зертханалар
  • ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары

Оқыту нәтижелері

ОН1 Ақпараттық және есептеу сауаттылығын, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау қабілетін меңгеру; академиялық жазу қағидаттарын ескере отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.

ОН2 Кәсіби қызметте математикалық, әлеуметтік, тарихи және инженерлік білім мен дағдыларды, ғылыми зерттеу әдістері мен экономикалық талдау элементтерін қолдану.

ОН3 Қоғамның даму заңдарын білу, дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, академиялық адалдық пен әдептілік мәдениетін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени дамуды көрсету.

ОН4 Бейорганикалық қосылыстар өндірісінің қазіргі жағдайын сыни тұрғыдан бағалау, ғылым мен техниканың заманауи жетістіктері негізінде қолданыстағы және жаңа технологиялық процестерді жетілдіру жолдарын талдау және таңдау.

ОН5 Минералды және техногендік шикізатты өңдеу процестерінің заңдылықтары негізінде өндірістің ұтымды технологиялық схемасын талдау және таңдау.

ОН6 Химиялық-технологиялық процестердің материалдық және жылу балансын есептеу, негізгі және қосымша қондырғыларды есептеу және таңдау.

ОН7 Теориялық және эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және орындау, деректерді математикалық өңдеу әдістерін қолдана отырып алынған нәтижелерді талдау және түсіндіру және тұжырымдар жасау.

ОН8 Бейорганикалық қосылыстарды алудың өндірістік процесін жедел бақылауды жүзеге асыру, шикізат пен өнімнің сапасын бақылау, өндірістердің қауіпсіздігін арттыру және экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.

ОН9 Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің өзара байланысын қамтамасыз ете отырып, белгісіздік жағдайында зерттеу, кәсіпкерлік және жұмыс дағдыларын пайдалану; өмір бойы үздіксіз біліктілікті арттыру.

ОН10 Жеке және командада тиімді жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, проблемалық өндірістік жағдайларда тәуелсіз шешімдер қабылдау, аналитикалық және сыни ойлауды көрсету.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.