7M07176 Мұнай және газ өңдеу технологиясы
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
7М07176 - «Мұнай және газ өңдеу технологиясы»
|
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7М07 – Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
|
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7М071- Инженерия және инженерлік іс
|
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
М097-Химиялық инженерия және процестер |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
120 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
Қос диплом |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
«Самара Мемлекеттік Техникалық Университеті» Жоғары білім берудің Федералдық Мемлекеттік Бюджеттік білім беру мекемесі |
БББ мақсаты |
Ғылыми - педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті, өндірісті ұйымдастыру мен кәсіпорынды басқаруды, технологиялық жобалауды ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін меңгерген жоғары білікті кадрларды даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
7М07176 – «Мұнай және газды өңдеу технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі. |
Кәсіби қызмет саласы |
кәсіпорындағы бөлімше басшысы; даму жөніндегі директор; мұнай-химия инженері; департамент директорының орынбасары; диспетчерлік басқару пунктінің бастығы; химиялық технология саласындағы мемлекеттік органдар бөлімінің бастығы; жобалау және ғылыми-зерттеу институттарында жетекші конструктор, инженер-химик; жоғары оқу орындарында оқытушы. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1. Шет тілін білуді қолдана отырып, ақпараттық ресурстарды тарта отырып, ғылыми-техникалық ақпаратты талдау және қорыту. ОН2. Ғылым тарихы мен философиясы саласындағы білімді пайдалана отырып, тұтас жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде кешенді және пәнаралық зерттеулерді жобалау және жүзеге асыру. ОН3. Зерттеу және педагогикалық міндеттерді іске асыру үшін жеке креативті қабілеттерді пайдалана отырып, ғылыми және педагогикалық қызметті жоспарлау және орындау. ОН4. Ғылыми және өндірістік бөлімшелерді басқару психологиясының қағидаттары мен әдістерін пайдалана отырып, стандартты емес өндірістік жағдайларда шығармашылық көзқарас пен логикалық ойлауды көрсете отырып жүзеге асыру. ОН5. Қауіпсіз еңбек жағдайларын сақтай отырып және өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерін толық болдырмауды немесе барынша азайтуды көздейтін жағдайлар жасай отырып, мұнай мен газды дайындау мен қайта өңдеудің, мұнай-химия синтезінің технологиялық объектілерінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау. ОН6. Техника мен технологияның, шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту, жетілдіру және жаңарту, қолданыстағы қондырғыларды қайта жаңарту және жаңғырту, өнімнің бәсекеге қабілетті жаңа түрлерін құру бойынша іс-шараларды әзірлеу. ОН7. Кең аудиторияның нәтижелерін таныстырып және одан әрі коммерцияландыра отырып, мұнай өңдеу және мұнай-химия компанияларының практикалық қызметіне нәтижелерді енгізе отырып, өзіндік эксперименттік зерттеулер мен жобалық әзірлемелерді ұйымдастыру және жүргізу. ОН8. Технологиялық жабдықтар мен аппараттардың есебін орындау, мұнай мен газды дайындау, өңдеу және тазалау, табиғи газдан күкірт өндіру процестерінің технологиялық схемаларын әзірлеу; қондырғылада өндірілетін компоненттердің, шикізаттың және тауарлы өнімнің нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру. ОН9. Тереңдетілген теориялық және практикалық білімді пайдалану негізінде мұнай мен газды қайта өңдеудің қандай да бір процестерінің ерекшелігін, отындарға, майларға, жағармайларға арналған присадкаларды ескере отырып, каталитикалық жүйелерді іріктеу. ОН10. Мұнай өңдеу және мұнай химиясы саласында одан әрі оқытуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларының болуы. |