6B06210 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

БББ ПАСПОРТЫ

 

БББ атауы

6В06210 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникация»

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В06 «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар»

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6B062 «Телекоммуникациялар»

Білім беру бағдарламаларының тобы

B059 – «Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар»

Оқу тілі

қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Радиотехника және телекоммуникация саласындағы экономиканың инновациялық және ғылымды қажетсінетін салалары үшін қажетті, тиісті теориялық және практикалық білімді меңгерген, теория мен тәжірибенің негізгі даму үрдістерін түсінетін мамандарды даярлау.

Берілетін дәреженің атауы

«ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

·                    телекоммуникациялық жүйелер мен желілер;

·                    ұялы байланыс желілері;       

·                    жерсеріктік жүйелер;

·                    талшықты-оптикалық байланыс жүйелері;

·                    байланыстың түрлі радиотехникалық жүйелері.

БББ бойынша оқу нәтижелері

ОН1. Кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.

ОН2. Кәсіби қызметте жаратылыстану, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және инженерлік білімдерін, деректерді математикалық және компьютерлік әдістерімен өңдеу, зерттеудің теориялық және тәжірибелік құзыреттерін, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтерін көрсету.

ОН3. Ақпараттық және есептеуіш сауаттылыққа, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған қол жеткізу жолдарын таңдау іскерлігіне ие болу.

ОН4. Сандық желілік байланыс технологиялары мен өндірістік байланыс құрылымдарында жүретін физикалық және басқа процестердің параметрлерін есептеудің математикалық әдістерін меңгеру.

ОН5. Инфокоммуникация объектілерінде, мобильді байланыс желілерінде және байланыс жүйелерінің желілерінде баптауды және регламенттік пайдалану қызметін көрсетуді және оларды жобалауды және жаңғыртуды жүзеге асыру.

ОН6. Заманауи технологияларға және цифрлық желілік байланыс технологияларының сипаттамаларын жақсарту бойынша озық тәжірибеге сүйене отырып, әртүрлі телекоммуникациялық және радиотехникалық байланыс объектілері жүйелерінің оңтайлы математикалық модельдерін әзірлеу, зерттеу нәтижелерін түсіндіру және талдау.

ОН7. Қазіргі заманғы өндірісті ұйымдастырудың экономикалық және экологиялық принциптерін ескере отырып, байланыс құрылымдарында қазіргі заманғы мобильді байланыс желілердің стандарттары мен әдістерін қолдануды негіздеу және ұсыну.

ОН8. Арнайы бағдарламалау кешендерінің құралдарын қолдана отырып, ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді ұйымдастыру, робототехникалық жүйелерді басқару бағдарламаларын әзірлеу және тестілеу.

ОН9. Энергетикалық, технологиялық, конструкторлық, пайдалану, эргономикалық және экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, мобильді радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерінің жобаларын әзірлеуге, құрастыруға және іске асыруға қабілеттілігі.

ОН10. Телекоммуникация және мобильді радиотехника құрылымдары үшін жүйелік, аспаптық және құрылымды басқаруда қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді инсталляциялау, баптау және қызмет көрсету инновациялық технологиялары мен әдістерін ұсыну және пайдалану.

ОН11. Белгісіздік жағдайында зерттеу, кәсіпкерлік дағдылар мен жұмыс дағдыларын пайдалану.

ОН12. Өзін-өзі тәрбиелеу және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын көрсете отырып, жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.